АУДАН АХУАЛЫ – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА
Сейсенбіде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы кеңес мүшелері тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген тізбесін айқындау қағидаларын бекіту, мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйі және 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы төңірегіндегі мәселелерді талқылады. Жиынға қоғамдық кеңес мүшесі Насыр Мырзабеков төрағалық етті.
Алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Төлегенов мереке күндері бір реттік әлеуметтік көмек тағайындалатын азаматтардың санатын атады. Сондай-ақ сыйақы мөлшеріне де тоқталды. Одан бөлек өмірлік қиын жағдайға ұшыраған жандарға аудандық бюджет есебінен қаржылай қолдау көрсетіледі. Мәселен, табиғи зілзала не өрттің салдарынан жапа шеккендер үшін қайтыс болған әр адамға 40 айлық есептік көрсеткіш, ал мүлкіне зиян келтірілгенін растайтын құжат болған жағдайда 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетіледі.

Туберкулезбен ауырып, амбулаториялық емдеуде жүрген жандарға ай сайын 10 АЕК жәрдемақы, ал аплазиялық анемиямен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне ай сайын 7,6 АЕК, адамның иммунды тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған балаларға ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жанына ілесіп жүрушілердің шығыны ретінде 40 АЕК шеңберінде бір реттік төлем төленеді.
Одан бөлек жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде білім алатын жетім не мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар үйі мен балалар ауылында тәрбиеленген, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын, ата-анасының екеуі де зейнеткер немесе біреуі мүгедек, көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге 72 АЕК мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындары үшін бір жолғы төлем төленеді.
Шиелі кенті әкімі аппараты мекемесінде мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі. Соның бірі – жер учаскелерін беру. Өткен жылы 2007-2008 жылдары жер кезегінде тұрған 203 азаматқа уақытша пайдалану құқығымен жер учаскелері табысталған. Сонымен қатар бір кәсіпкерге бау-бақша егу үшін 1 гектар жер 5 жыл мерзімге өтеусіз беріліп отыр. Ал былтыр бір жылдың ішінде 3466 адам жер кезегіне тіркелген.
Кеңеске қатысушылар ауданның өткен жылғы бюджетінің атқарылуы жайлы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Жакеевтің хабарламасын тыңдады.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері хабарларамалар барысында туындаған мәселелер бойынша сұрақ-жауап алмасып, мәселелер талқыланды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ