ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҚАШАН ОҢАЛАДЫ?
Күнделікті күйбең тіршілік бітсін бе? Жұмыс пен үйдің арасындағы өмір де үйреншікті жағдайға айналған. Ал жұмыстан шаршап келгенде балабақшаға баратын балам Жаһан-Шахпен қосылып теледидардан көрсетілетін анимациялық мультфильмдерді тамашалау біздің де үйдің үрдісіне айналған. Балаң үшін бала болып, көрмеске лаж жоқ. Алайда көгілдірден көрсетіліп жүрген мультфильмдерге көңіл көншімейді. Себебі қазақша мультфильмдегі барлық кейіпкерлердің образы бірдей...
Қазақ батырларының бәрі бір атадан туған ба дерсің? Әлде бұрыңғы заманда адамдар бір-біріне соншалықты ұқсаған ба? Мәселен, қарапайым ескерткішті көз алдыңызға елестетіңізші. Қайсысын алып қарасаң да, бір-бірінен айнымайды. Басында дулығасы, қолында найзасы мен шоқпары, астында аты, бетінде сақал-мұрты, болды. Мейлі, ескірткіш жасау оңай дүние емес шығар. Ал мульфильм ше? Ол деген қолда тұрған дүние емес пе? Батырлардың бойын, түр-әлпетін, киімін, жүріс-тұрысын қалай келтірсің де өз еркіңде. Біздің отандық мульфильмдерде кейіпкердің түрі былай тұрсын, сценарий мен әуеніне дейін ұқсайды.

Қазіргінің баласы біз сияқты емес. Қандай мульфильм көрсетіп жатса да, балаша қуанып, көре бермейді. Себебі бүгінгі балғындардың талабы биік. Тиісінше таңдау да көп. «YouTube», «YouTube Kids», «Балапаннан да» өзі қалаған мульфильмдерді тамашалай алады. Бірақ отандық өнімге аса қызығушылық танытпайтыны көңіл қынжылтады. Сол үшін санға емес, сапаға жұмыс жасаған жөн. Мысалы, Жаһан-Шахқа «Горм сақшылары», «Күн сәулелі көжектер», «Винкстер клубы» секілді мультхикаяларды сағаттап қосып берсек те, тапжылмай көріп отыра береді. Қарасаң, өмірде жоқ кейіпкерлер. Шетелдіктер қиял-ғажайыппен, фантастикамен баланы теледидарға телміртіп отыр.
«Балапан» телеарнасында небәрі 20 жасында қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы атанған даңқты боксшы, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері Бекзат Саттархановқа арналған «Бала Бекзат», әйгілі «Алпамыс батыр», «Жібек» сынды отандық мульфильмдер көрсетіледі. Біз сонда өмірде бар болған адамдарды жарқыратып көрсете алмаймыз ба? Бала қиял-ғажайыпқа қызығатыны соншалықты, қазақы мульфильмдеріне қолдан келгенше түрлі трюктарды қосу керек. Ұшу керек болса, ұшсын. Жұдырығымен жерді екіге бөлсін. «Найзаның ұшы, білектің күші, қылыштың жүзі» деп ұрандатып жүрсе, жарасады емес пе? Батырдың түрі, дене бітімі, жүріс-тұрысы – бәрі қолда тұрған дүние. Әлде де, басқаша амал, орысшалап айтқанда «подход» керек. Себебі еңбектің еш кетпегені қашанда жақсы. Неше жылдан бері қанша баланы өзіне қаратып, тамсандырып отқан «Маша мен Аюдың» ғұмырлы болуының да сыры сонда болар.
Сіз не дейсіз, ойлы оқырман? Отандық мультхикаяларға көңіліңіз тола ма?
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ