Құдай жоқ.
Бір адам әдеттегідей қырынып, шашын алдыру үшін шаштаразға келді. Шаштараз екеуі әр түрлі тақырыпта әңгімелеседі. Кенеттен әңгіме төркіні Құдай жөнінде өрбіді.
Шаштараз:
«Сіз маған не айтасаңызда, мен Құдайдың бар екеніне сенбеймін».
- Неге? - деп сұрады клиент.
- Ал, бұл анық. Көз жеткiзу үшiн көшеге шығып, айналаға қарасаңыз жеткiлiктi. Айтыңызшы, егер Құдай бар болса, көптеген науқастар қайдан келді? Көшедегі бұзақылар қайдан шықты? Егер ол шынымен бар болса, ешқандай азап пен ауыртпалық болмас еді. Осының бәрі болуына мүмкіндік беретін, көбі сенетін Құдайдың бар екенін елестету мен үшін қиын.
Клиент бір сәт ойланды да, сөз таластырмау үшін үндемеді. Шебер өз жұмысын аяқтағанда, клиент тұрып кете барды. Салонынан шығысымен, көшенің қарсы бетінде отырған сақал-мұрты, шашы қатты өскен адамды көрді (ол адамның шаштаразға ай емес бірнеше жыл бармағаны көрініп тұрды).
Оны көрген клиент шаштаразға барып, шаштаразға:
- Білесіз бе? Бұл өмірде шаштараз деген жоқ – дейді,
- Бұл қалай? - шаштараз таң қалды. - Мен қазір ғана шашыңызды алып бердім емес пе? Мен шаштаразбын, қалайша жоқ?.
- Жоқ!
- Олар жоқ, егер шаштараздар бар болса, анау сақал-мұрты, шашы алынбаған адам көшеде қалайша жүр.
- Еее, бауырым бұған шаштараздың не қатысы бар, адамның өзі іздеп келмесе, - дейді
- Ия, мұныңмен келісемін! – деді клиент. – Алайда, Құдайда солай, оны адам іздеп бармаса, оны Құдай іздеп келмейді. Құдайдың бары мойындалмай, әлемде ауыртпашылық пен зұлымдық жойылмайды.