АЛҒАБАСТЫҚ КЕЛІНДЕР САЙЫСТЫ

Байқаудың негізгі мақсаты – келіндердің қазаққа тән ибалылық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін насихаттау. Ұлттық салт-дәстүрге байланысты келін орнының ерекше екендігін, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру, келіндердің жаңа қырынан танылуына ықпал ету, байқауға қатысушылардың рухани-мәдени деңгейін көтеріп, халыққа насихаттау. Келінге және болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ана атауының маңыздылығын ұғындыру.
Залда ине шаншар орын болмады. Себебі бұл байқау бұрынғыдан өзгерек. Яғни қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша өнер көрсеткен жоқ. Оларға түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылып, барынша сыналды. Келіндер сынға түскен кеш те көпшіліктің көңілінен шықты. Сәні мен салтанаты жарысқан келіндер додасының қазылар алқасын ақ жаулықты аналар құрады.
Сайыстың нәтижесінде Сәрсеновтер әулетінің келіні Гүлсезім Асанқызы «Сүйкімді келін», Тұрсынбаевтар әулетінің келіні Тоғжан Алтынбек «Ақылды келін», Алпысбаевтар әулетінің келіні Аруна Әубәкірова «Пысық келін», Қаржановтар әулетінің келіні Айдана Мүптілда «Көрікті келін», Арыстановтар әулетінің келіні Жанна Қалманов «Инабатты келін» номинацияларымен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ