Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ ЖАҚСЫ ЕМЕС

ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ ЖАҚСЫ ЕМЕС

Сән әлемінде жүрген сұлулар көп, бүгінде. Сұлулық – бұл үйлесімділік, ал үйлесімділік – тепе-теңдік. Бірақ сол тепе-теңдікті сақтай алмай жүрген бойжеткендеріміз қаншама. Табиғи және жасанды, биіктегі және жердегі заттарға орын табылған әлем шынымен сұлу емес пе?
Осы күні нәзік жандыларды бояусыз елестету қиын болып барады. Әйелдердің бетін жасанды жолмен әрлеу бұрыннан бар болса, бүгінде әдемі болудың жолында аруларымыз қандай айлаға бармайды дейсіз. Тіпті, жасанды сұлулықты әдетке айналдырып, бояусыз жүре алмайтындардың барын қайтерсің. «Сұлулық құрбандықты талап етеді» деген тәсілді өмірлік ұстанымына айналдырған қыз-келіншектер тапқан табыстарының жартысын соған шашып, сән салондарының тұрақты тұтынушысына айналған. Сөйтіп, сұлулық жолында өздері құрбан болып, денсаулығына орасан зор зиян келтіріп жатқанын да байқай бермейді. Жаһандану дәуірінде табиғи сұлулыққа қолы жетпегендер жасанды әдемі көріну үшін денсаулығын құрбандыққа шалуда. «Судың да сұрауы бар» дегендей, оның салдары қандай болатындығын өзі сезінбей ешкім ойланбасы анық.
Найзадай кірпіктерді қай қыз болсын армандайды. Бүгінгі таңда оған қол жеткізу де қиын емес, жасанды кірпік жалғап беретін әсемдік салондары да өте көп. Бірақ батыс ғалымдары ұзын кірпік көз ауруына, сондай-ақ уақыт өте келе зағип болып қалуға себепкер екендігін айтады. Олардың пайымдауынша адам көзінің кірпігі 1/3 мм құрайды. Бұндай табиғи кірпік көздің әрдайым ылғалданып тұруына және көзге шаңның түспеуін қадағалайтыны сөзсіз.
Қасқа татуаж жасатудың да өзіндік салдары жетерлік. Татуаж органикалық бояудың теріге егілуі арқылы жүзеге асады. Ғалымдар бұл бояудың аллергия тудырып, сонымен қоса ағзадағы бар вирустың оянуына әсер ететінін ескертеді.
Әрине, әйел адам өзінің сырт келбетіне мән беруі керек. Жалпы, туа бітті табиғи сұлулық бірінші орында. Дегенмен жасанды кірпік, татуаж, тырнақ өсіру, бет әрлеу, шаш жалғау, тіпті ерініңізді үлкейту сияқты қызмет түрлері сұранысқа ие. Әсіресе, той маусымында кезекке тұрып, кәсіби мамандардың жұмысына жүгінетіндердің қарасы қалың. Әп сәтте қасын қарлығаштың қанатындай қиылтып, қысқа шашын беліне дейін жалғап, кірпік-тырнағын қалағанынша өсіріп, еріндерін үлкейтетіндер жасанды сұлулықтың табысты бизнеске айналуына бірден-бір себепкер.

Сымбат СЕРІКҚЫЗЫ
31 қаңтар 2023 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930