ЕҢБЕКШІДЕН ШЫҚҚАН ЕҢБЕКҚОР АЗАМАТ
Шиелі десе, барлығының есіне ең әуелі ақ күріштен тау тұрғызған, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың түсетіні анық. Күллі әлемге маржандай күріш арқылы танылған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған тау тұлғаның бүгінде аты аңызға айналған.
Иә, ауданда Сыр елінің атын шығарып, туған жердің топырағынан нәр алған, Ыбырай Жақаев сияқты ел мақтаныштары болған арда азаматтар аз емес. Олар жайлы тарих қойнауын ақтарсақ, тіпті том-том кітап та жазуға болады. Қай заманда болмасын мұндай тұлғалар әрдайым елдің есінде сақталмақ. Расымен, қазірдің өзінде де Шиелінің атын шартарапқа шығарып, туған жерден түлеп ұшқан ел мақтаулылары жетерлік. Солардың бірі – Еңбекшіден шыққан еңбекқор азамат Жарылқасын Талғатұлы.
Иә, ауданда Сыр елінің атын шығарып, туған жердің топырағынан нәр алған, Ыбырай Жақаев сияқты ел мақтаныштары болған арда азаматтар аз емес. Олар жайлы тарих қойнауын ақтарсақ, тіпті том-том кітап та жазуға болады. Қай заманда болмасын мұндай тұлғалар әрдайым елдің есінде сақталмақ. Расымен, қазірдің өзінде де Шиелінің атын шартарапқа шығарып, туған жерден түлеп ұшқан ел мақтаулылары жетерлік. Солардың бірі – Еңбекшіден шыққан еңбекқор азамат Жарылқасын Талғатұлы.
Қаламымызға арқау болған біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Жарылқасын Сақтаған ауданның абыройын асқақтатып жүрген жерлестеріміздің бірі. Үлкендердің өнегесін көріп, тәлім-тәрбиесін алған ол Еңбекшіде туып өсті. Мектепті үздік оқыған Жарылқасын 2015-2019 жылдар аралығында Нархоз университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры, 2019-2021 жылдар аралығында «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі атанды. Ол сонымен қатар өзі оқыған білім ошағының ең үздік түлегі. Өзі жас маман болса да, көптеген шыңды бағындырып, толағай табыстарға жетіп жүрген оның жетістіктері көп-ақ. Мәселен, жерлесіміз түрлі дебаттарға қатысып, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерді. Атап айтар болсақ, 2020 жылы «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына белсене атсалысқаны үшін Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталса, Сәтбаев университеті республикалық пікірсайыс турнирінен І орынды иеленді. Сондай-ақ Жастар жылы аясында өткен «КазНМУ кап 4» республикалық турнирінен І орынды қанжығалады. Бұдан бөлек түрлі байқауларда оза шауып, ел мерейін өсірді. Жуырда ғана Алматы облысы әкімінің «Заңғар – 2022» жастар сыйлығының «Үздік жас мемлекеттік қызметшісі» номинациясын жеңіп алды. Бұл жерлесіміз үшін ғана емес, аудан үшін үлкен жеңіс. Өйткені Сыр елі, жыр елінде туып, аудан абыройын асқақтатып жүрген оның әрбір жетістігі біз үшін мақтаныш.
Иә, жоғарыда айтып кеткеніміздей, шырайлы мекенде тек өнер иелері мен мықтыларды ғана туады. Ақын-жазушыларды өмірге әкелген Шиеліде қазірдің өзінде қаламы қарымды ақындар жетерлік. Олардың дені бүгінде өз орнын тапқан жандар. Себебі қасиетті мекеннің ауасын жұтқандар, қазақтың қара өлеңін қанына сіңіреді. Жауһар жырмен сусындап өскен Жарылқасында да солай. Бүгінде ол 100-ге жуық өлеңнің авторы. Қазақ поэзиясына өз үлесін қосып жүрген оның қаламынан туған өлеңдері өз оқырманын тауып үлгерген. Жүрекпен жыр жазып, Абай мен Мұхтардың ізін қуып, жолын жалғаған Жарылқасынның жырлары жүрек қылын қозғамай қоймайды. Поэзияны жанына серік еткен ол жан-жақтылықты жақсы көреді. Бос уақытында кітап оқиды. Сенбі-жексенбі күндері әр түрлі пікірсайыстар мен дебаттарға қатысады. Бір сөзбен айтқанда, уақытты бос өткізбейді. Өмір жолы қарбалас пен қызыққа толы жанның жеткен жетістіктері, жас болса да өзгелерге үлгі боларлық істері көп-ақ. Атам қазақ «Болар бала он бесінде баспын дер, болмас бала отызында жаспын дер» деп бекер айтпаса керек. Расында, он бесінде бас болып, ел ісіне араласып жүргендерді көріп, қызығасың. Ал Жарылқасынның жас болса да, биік шыңдарды бағындырып жүргені әуелі өз қажыр-қайраты мен еңбегінің жемісі деп білеміз. Содан кейін атадан балаға берілген тектілігінен екенін аңғарамыз. Иә, кейіпкеріміз үлгендердің үлгі өнегесін көріп өскен жан. Оны бағып-қағып өсірген атасыда бүгінде ауыл ішіне сыйлы ақсақал болып, ақ батасын беріп жүрген қазыналы қария. «Алма ағашынан алысқа түспейді» демекші, ата жолын жалғаған Жарылқасын шынымен өзі секілді жастарға үлгі боларлық жан. Өзі мемлекеттік қызметкер болса да, қоғамдық шаралардан қалыспай жастар арасында көш бастап тұр. Жігері мықты, текті азамат қай жерде болмасын жетістікке жетері хақ. Ал мұндай мықтылармен аудан халқы әрқашан мақтанады. Біз де туған жерден түлеп ұшқан жерлесіміздің ендігі жолына сәттілік тілейміз!
Сымбат Сұлтан