Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНА – 20 ЖЫЛ!

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНА – 20 ЖЫЛ!

Білім кәсіподағы мен «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткізілетін атаулы шараға биыл – 20 жыл. Өз белсенділігі мен кәсіби шеберлігін қатар көрсететін шараға 1 қала, 7 аудан қатысты.
Жиынның ашылу салтанатында Комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы білім беру жүйесінде мұғалімдердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру, және әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау бағытында бұл жиынның септігі зор екенін атап, алаң қатысушыларына сәттілік тіледі.
Облыстық тәжірибе алаңына Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Арман Шәденовтың басқаруымен 11 мұғалім қатысты. Сәйкесінше жиында бірнеше кәсіби байқаулар, шеберлік сыныптар, мәдени коммуникация талаптарына сай іс-шаралар болды. Ауданның жас ұстаздары өз-өзін дәлелдей отырып, марапат төрінен көріне білді. Атап айтар болсақ, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінде химия-биология пәнінің әдіскері, педагог-сарапшы Арман Шәденов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, аудандық оқушылар үйінің директоры Бауыржан Әбішев облыстық тәжірибе алаңында озат жұмыстарының арқасында «Педагогтердің облыстық тәжірибе алаңының 20 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар аудан ұстаздары мәдени шара шахмат ойыны мен дойбыдан І орын, «Ауылдың алты ауызы» байқауынан жүлделі І орын, теннис ойыны мен «Педагогикалық идеялар аукционы» кәсіби байқауынан ІІІ орын, «Үздік коучинг – 2023» кәсіби байқауынан да ІІІ орынға ие болды. Бұдан бөлек арнайы «Алғыс хаттармен», «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат
16 қаңтар 2023 ж. 160 0