Мәңгілік ел жадында
Ұлы Отан соғысы жылдарында оның зардабы мен қасіретін тартпаған –әкеден, жарынан, перзентінен, не бауырынан айрылып, жапа шекпеген бірде-бір отбасы жоқ екендігі де айдан-анық. Мысалы, біздің әулетімізде атам Мәлібектің туған ағасы Әлібек пен әжем Қанымжанның ағасы Қалжан екеуі де және сол аталарымның бірнеше немере аға-інілері де осы алапат айқастарда ерлікпен қаза тауып, майданнан оралмауы соның бір айғағы ғана.
Әкем өзінің әкесі – менің атам Мәлібек Күлімбетовтың соғыс жылдарындағы көзі тірісінде оның өз аузынан естіген әңгімелерін жиі айтатын. Соғыстың алғашқы күндерінен шайқасқа қатысқан атам 1942 жылы сол кездің өзінде-ақ қазақ, орыс тілдерінде қатар жазып, танылып үлгірген жас ақын әрі публицист жазушы Баубек Бұлқышевпен Батыс майданында бірге соғысыпты. Сол жылдың жазында орыс жігіті, лейтенант Гавриловтың барлаушылар тобымен тіл әкелу үшін қалың орман ішімен күн-түн тынбай жүріп отырып, жау әскерінің үстінен шығады. Содан қас қарайғанша күтіп, қараңғылық түскен бір сәтте ұйқыға кеткен тобынан шеткерек шығып аузына темекісін қыстырып, қаннен-қаперсіз тұрған неміс жауынгеріне жер бауырлай жылжи жөнелген жалқындай жігіт атамыз жанына жеткен бойда шалт қимылмен орнынан ұшып тұрып, автоматының дүмімен тура өкпесінен қойып қалғанда, әлгі езуіндегі темекісінен ауыз ашуға да мұршасы келмей, ес-түссіз сұлап түседі. Дереу аузына шүберек тығып, қолдарын байлап, өз тобына сүйрелеп әкелгенде топ командирі: «Сен ың-шыңсыз естен тандырып түсіретін бұл тәсілді қайдан білуші едің?» - дегенде атам: «Е-е, біз қасқыр соғып үйренген қазақ емеспіз бе? – деп жауап берген екен. Кейін тіл әкелуде көрсеткен ерлігі үшін атам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Оның майданда жүріп алған әрбір орден-медалінің өз тарихын айтып қана қоймай, атамыз көбіне қандыкөйлек достарының ерліктері туралы сыр шерткенді ұнатқан сыңайлы. Взводтың кезекті ұрыстарынан сәл саябыр тапқан сәттерінде Баубек ақын елде қалған Жаннасын еске алып, сүйген қызы Сарасы туралы да сыр шертіп, сол Сарасына арнаған, әр жолы оның есімінің әрбір әрпінен басталатын:

«Сүйем, сәулем, өзіңді сағынамын,
Аңсарымды кімге айтып шағынамын.
Ренжіме жиі хат жазбайсың деп,
Алаңдама жазармын тағы, жаным.
Ғұмырымның бар мәні өзің менің,
Аман жетсем қасыңнан табыламын», - деген өлеңін атама дауыстап айтып отыратынын, сондай-ақ нақ осы жырының екі-үш нұсқасы болғанын да аузынан тастамайтын. Кейін Баубек басқа бөлімге ауысып, содан аралары ажырап қалыпты. Ал атам болса 1943 жылдың алғашқы айларында Сталинград түбіндегі болған шайқаста аяғынан ауыр жараланып, госпитальге түседі. Содан оң аяғын тізеден жоғары кестіріп, елге мүгедек болып оралған екен. Не керек, сөйтіп, ұлы шайқастардағы қанды қырғыннан аман оралған атам қырық алты жасында бейбіт күнде бір әумесердің кесірінен көлік апатынан көз жұмған.
Әкем осыны айтып, әлі күнге дейін өкініштен өзегі өртеніп отырады. Міне, биыл 100 жасқа толып отырған сол атамның мерейтойын ел басына төнген мына короновирус індетінен аман-есен құтылғаннан кейін бүкіл ауыл болып тойламақ ниеттеміз. Атамның туған жері - Қызылорда облысындағы Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті былтырдан бері менің атам туралы екі рет мақала да жариялады. Таяуда жергілікті авторлар ол туралы фейсбукте де мақалаларын жариялаған. Осының өзі де ерліктің ел жадынан ешқашан өшпейтінінің бір дәлелі болса керек деп ойлаймын.
Жомарт Күлімбет