Майдангер атам – мақтанышым
Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азамат мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екенін білемін. Соғыс зардабы көпке дейін оңалмады, әсіресе адам жанында ауыр жарақат қалдырды. Бала кезімде уақытымды ойынға, қыдыруға немесе теледидар қарауға емес, әкеме бөлдім.
Әкем Базарбай Мамбетұлы 1923 жылы 20 наурызда дүниеге келген. Ата-анасынан ерте жетім қалған әкем жастайынан қарындасы Теңгай екеуі балалар үйінде тәрбиеленеді. 18-жасында әскер қатарына шақырылады. Әскерге аттанар тұста жалғыз бауыры, қарындасы Теңгаймен қоштасып көрісе алмағанын күнделігіне жазып кеткен екен. Осылайша 1941 жылы 30 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан Отан қорғауға аттанады. 1941 жылы Чкалов облысы, Тоцкие селосында барлаушылар мектебін бітіріп, 1941-1945 жылдар аралығында қан майданға қатысады. 1945 жылы 22 ақпанда үлкен ұрыста бас сүйегіне мина жарықшақтары түсіп, аяғынан, қолынан бірнеше жерден сынық-жарақат алады. 1945 жылдың 23 қазанына дейін госпитальда жатып емделіп, мүгедек болып елге оралады.
Ол майдандағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен; 1944 жылы 29 маусымда, Батыс Буг өзенін азат еткені; Прага бекінісін басып алғаны үшін, Седлец қаласын азат еткені, жауынгерлік ерлігі үшін алғыс хатпен марапатталады. 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен наградталған. Ұлы дүбірдің белортасында жүріп, Ұлы Отан соғысының барлық кезеңдерінде жауынгерлік сапта тұрып, солдат шинелімен елге оралды.
Соғыстан кейін елде де жағдай мәз емес. Әйтеуір өлместің күні. Келе сала Қызылорда қаласына «Темір жол жөндеу шебері» айлық курсына оқуға түсіп, үздік бағамен 1952 жылы бітіріп, бірінші разрядты «Темір жол шебері» мамандығын алып шығады. Сөйтіп жүріп еңбек майданында таңның атысы, күннің батысы көз ілмей еңбек етті.
Анам мен әкем екеуінің өмірі бізге мәңгілік бағдаршам болды. Ер азамат кейде қырда, кейде сайда жүреді. Әкем қайдан келсе де, қайда жүрсе де күлімсіреп қарсы алатын. Анам шын қуана алушы еді. Қызмет көрсеткенін шаршау емес, бақытым деп сезінуші еді.
Майданнан мүгедек боп оралған әкем соғыс салған зардаптың әсерінен сонау Москваға, шипажайға, түрлі ауруханаларға жылда емделгенімен, өмірі қысқа болды. Әкем 63 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмды.
Ешбір бала өз әкесі туралы толық білемін деп сеніммен айта алмаса керек. Әйтсе де, өз әкеңнің ең болмағанда бір қырын тани алсаң, әке алдындағы перзенттік борышыңды өтеуге ұмтылыс болар. Бірақ, әке алдындағы перзенттік парыз ешқашан өтелмейтіні анық. Әке өз перзенті үшін жауапкершілігіне қоса, өз сәбиіне қорған да болмақ. Әкем – өмір мектебімнің алғашқы ұстазы. Әкемізге қарап қана өз ойымыздың, пиғылымыздың түзулігімен, әр басқан қадамымыздың дұрыстығын аңғардық. Ұстаз-әке лайланған ой-санаңды тазартып, тазалық шуағын себеді. Ол – өмірдің тар жол, тайғақ кешулерінде талмай, тынбай, шаршамай биікке жол бастаушың. Бейбітшілік үшін, жеңіс үшін, бақытты ғұмыр үшін рахмет, Әкешім!

Гүлмира МӘМБЕТОВА