Елдің дәулеті де, жердің сәулеті де орман
БІЗДІҢ АУДАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН ҚАТАР ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ДА БАСА МӘН БЕРІП КЕЛЕДІ. ЗЕР САЛЫП ҚАРАСАҚ, КӨП АЙТЫЛА БЕРМЕЙТІН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АДАМ ӨМІРІ ҮШІН РӨЛІ ЗОР. Сондықтан да қоршаған орта, ну орман, жан жануарлардың барлығы қоғамның басты назарында болуы тиіс. Осы ретте біз «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» бөлімінің 2022 жылда атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталып өтпекпіз.
Жалпы, Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 1079187 га болса, оның 867922 га орманды алқапты құрайды. Ал, мекеме 3 орманшылыққа бөлінген. Атап айтар болсақ, Жөлек, Шиелі, Қызылқұм. Қазіргі таңда жалпы мекемеде штаттық кестеге сәйкес 77 қызметкер орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады. Бүгінгі таңда осы бағыт бойынша мекемеде біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен, Тұқымбақ бөлімі 2022 жылғы жоспар бойынша, мекемеге қарасты Жөлек орманшылығындағы 1,0 га жерге 40,0 мың дана қаламшадан отырғызылды. Оның ішінде терек ағашы қазіргі таңда 59 процентті құрап отыр. Сондай-ақ, 1 га жерге үйеңкі, шаған, айланд және қарағаш тұқымдары себіліп, шығымдылығы 55 процентті құрады. Мекеменің уақытша тұқым бағында қазіргі таңда күзгі санақ нәтижесі бойынша, 495980 көшет бар.
Сонымен қатар, мекеме тарапынан «Дүниежүзілік банк» арқылы 2022-2026 жылдар аралығында Қызылорда қаласының аумағына 1000-га жерге орман екпелерін құру жобасы аясында сексеуіл көшетін отырғызу бағытында жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан бері Аудан көлемінде орман өрттерінің аса қауіпті кезеңі 24 наурыз болып белгіленді. 2022 жылы аудан көлемінде шаруашылықтар жерлері мен мемлекеттік орманды алқаптарда өрт болдырмаудың және өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу жайлы іс-жоспары бекітіліп, ауылдық округтер мен елді мекендерге орман өрттерінің алдын алу мақсатында ескерту хаттар таратылды. Мекеме қызметкерлері мен аудандық №13 өрт сөндіру бөлімімен бірлескен өрт сөндіру тактикалық жаттығулары өткізілді. Өртке қауіпті аумақтарда орман қоры жерінде жылдық жоспар бойынша жаңадан 54 шақырым жерге минералды белдеу және 216 шақырымға минералды белдеулерді күтіп баптау жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы №18-02/942 бұйрығын басшылыққа алып, мемлекеттік орман қоры аумағында 2022 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жөнінде 04 ақпан 2022 жылы №19-ө санды бұйрық қабылданып, өрт қауіпі бар маусымы басталғанға дейін барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өрт қауіпін азайту мақсатында орман қоры учаскелерінде және оған іргелес орналасқан аумақтарда шөптесін өсімдіктерді бақылап, өртеу шаралары бойынша жалпы 175,6 га жерге өртеу жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бастап, мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт оқиғалары тіркелген жоқ. Сондай-ақ 2022 жылы орманды қорғау, жұмыстары жөнінде 36 тексеру жұмыстары жүргізілді. Осы шараларға сәйкес, орман және жануарлар дүниесін қорғау бағытында заңдылықтарды бұзу фактілерін анықтау бойынша 7 жағдай тіркелді. Оның ішінде орман заңдылығын бұзу фактісі бойынша 2 азаматқа 15,3 мың теңге және табиғатқа келтірілген залал үшін 10,4 мың теңге айыппқұл салынып, толығымен өндірілді. Сонымен бірге, 5 азаматқа жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін хаттама толтырылып, оның ішінде 3 азаматқа 22,9 мың теңге көлемінде әкімшілік, және табиғатқа келтірген залал үшін 91,8 мың теңге айыппұл салынып толығымен өндірілген. Сондай-ақ 2 азаматқа ескерту берілді. Сонымен қатар, аудан аумағында және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп жатқан сексеуіл ағашының заңсыз кеcілуіне тосқауыл қою бағытында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде мекеме тарапынан арнайы мобильді 2 топ құрылды. Қазіргі таңда орманшы (инспектор) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде күнделікті заңсыздықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында тексеру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Орманды пайдалану бойынша жыл басынан бері 887,7 мың тенге қаржы бюджетке түсірілді. Жергілікті халықты орман қорынан тыс жерлерден түскен қаржы 437,8 мың тенге құрайды. Ағаш кесу және орман билетін беру бойынша 52 азаматқа орман қоры учаскелерінен мал жайлымдыққа 36800 га уақытша пайдалануға, 1 азаматқа 0,006 га жерге омарта орналастыруға және ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге 700 га жер берілді одан түскен қаржы көлемі 449,9 мың теңгені құрады.
Шиелі ауданында орналасқан маңызы бар 40 су айдыны орналасқан. 12 су айдыны табиғат пайдаланушыларға 10 жылға кәсіптік бағытта, 17 су айдыны 49 жылға тауарлы балық шаруашылығы бағытында бекітіліп берілген, 11 су резервте. Сонымен қатар, резервтегі көлдер Ханқожа, Көктікөл, Жанаткөл, Ортақкөл, Ақтайкөл, Дамир, Ербол, Қамыстықақ, Нәнсай, Ызалыкөл, Сор көлсу айдындары бар. Мекеменің арнайы бұйрығымен резервтегі көлдер орман қызметкерлеріне бекітіліп күзету, қорғау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-1 тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумағында орналасқан резервте тұрған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде балықтардың қырылу қаупін болдырмау және көлдерге қалың мұз қатқан жағдайда үкі ою (ойықтар ою) балықтарға ауа беру мақсатында, көлдердің бетіндегі мұздарға ойық салу жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары бекіткен 2022 жылдың 01 наурыз - 31 мамыр аралығында балық шаруашылығы су айдындарына «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы жариялануына байланысты, резервтегі су айдындарының жағалауына «Таза су айдындары» және «Таза көлдер, өзендер және бұлақтар» атты іс-шара жұмыстары ұйымдастырылып, су айдындарының жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілген. Айта кетейік, «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» алдағы уақытта 1,079 млн теңгеге мемлекеттік орман қоры жерін қорғау, күзету жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ 20-ға жуық уақытша орман бағын ұйымдастыруды, резервте тұрған аңшылық және балық шаруашылығындағы маңызы бар су айдындарына тексеріс жұмыстарын жүргізуді жоспарланып отыр.
Сымбат СҰЛТАН