«ШАШУ» ДӘСТҮР МЕ?
Шашу – бағзыдан келе жатқан дәстүрдің бірі. Шашу негізінен салтанатты кештерде орындалатын рәсім. Бүгін көнеден сыр шертер осы бір дәстүрге кеңінен тоқталып өтейік.
Қазақ халқы өзге елдер үшін қашанда қонақжай, ақкөңіл, меймандос халық. Қолындағы барын қуаныш үшін аямайды, сұрағанға қашанда кәдесі дайын тұрады. Жалпы қазақ халқы үшін қуанышқа берілетін, сұралатын кәде сыйлардың түрі көп. Және олардың әрбіреуінің орындалу тәртібі мен реті бар. Солардың ішінде кең таралғаны және осы күнге дейін орындалып келе жатқаны да шашу.

Аталған дәстүр көнеден бізге жеткен және осы күнге дейін орындалып келе жатқан қуаныштың белгісі. Тек қазаққа тән бұл жоралғы: келін түскенде, күйеу жігіт келгенде, құда келіп, жақсылық орын алған күндерде, сәби дүниеге келгенде, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, жырақтан сағындырып жолаушы келгенде, бір заттың алғашқы ашылуы болғанда немесе бірінші рет көрсеткенде орындалады. Шашылған шашуды қуанышқа куә болған сол жердегі жасы үлкенінен кішісіне дейін таласып теріп алады. Бұл қуаныш бізге де жұғысты болсын деген ниет, ырым. Шашуға тәтті-дәмді, қант-кәмпит, құрт-ірімшік, өрік-мейіз, күміс теңгелерге дейін салуға болады. Жалпы шашуды ақ самайлы әжелеріміз, көпті көрген апаларымыз, алтын құрсақты келіндеріміз жасайды. Сонымен қатар алыстан қонақ келгенде де «біздің шашуымыз» деп арнайы қант-кәмпитін салып әкеледі. Бірақ оның барлығы шашу ретінде шашыла бермейді. Ол ысырап ретінде саналған. Сондықтан аталған қуаныш үшін бір рет қана шашу шашылады. Ал туған-туыстың шашу әкелуі ізгі ниетті, ақ тілекті білдіреді. Бұл шашылмайтын шашуға кіреді.
Сіздің «шашу» туралы ойыңыз қандай? Осы бір жағымды дәстүрді қалай орындап жүрсіз? Жалпы шашу шашып жүрсіз бе?
Әзірлеген
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ