Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бейсенбі күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, және аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Тең қоғам» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты дөңгелек үстел өтті. Оған сала мамандары мен Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдеш, аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция мойоры ­Фарида Алиакбарқызы, аудандық аурухана психологы Мереке Әлібатыр, және де Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Жанар Махамбетова қатысты.
Жиынның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жолдары мен дағдарыс орталықтары туралы кеңінен талқылау. Яғни жиын барысында әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау туралы кеңінен айтылып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың ерте жүктілігі және алдын алу, отбасылық мәселелер, психикалық зардап шегушілерге көмек, қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау төңірегінде ой өрбіді. Жиында аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Фарида Алиакбарқызы жиынға қатысушыларға аудандағы зорлық-зомбылыққа қатысты кейбір ықтимал фактілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңы сергіту сағатына ұласып, дөңгелек үстелге жиналған мекеме мамандары бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.

Сымбат СҰЛТАН

05 желтоқсан 2022 ж. 535 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031