Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРЫҚТАТАТЫН ДӘРІ АЖАЛ ҚҰШТЫРМАСЫН

АРЫҚТАТАТЫН ДӘРІ АЖАЛ ҚҰШТЫРМАСЫН

Сұлулыққа әрікімнің-ақ бар таласы. Көктем келсе құлпырыып кететін сұлулардың әдемілік үшін барын салары сөзсіз. Әдемілік десе, аққу мойынды, қыпша белді, жүзі жарқыраған сұп-сұлу күлімкөздер көз алдымызға елестейді. Айналамызда кескін-келбетіне көңілі толатындары толып жүр. Алайда, өзіне өзі ұнамайтын, өзге арулар секілді көрікті көрінгісі келетіндер одан да көп. Олар әдемілік үшін жасанды сұлулықтың құрбанына айналып, өздеріне ауру табуда. Біздің бүгінгі айтпағымыз арықтатуға арналған дәрілер жайында болмақ.
«Әдемі болмасаң айнаға өкпелеме» дейді қазақ. Бұл сөзді бұрынғылар жиі қолданғанымен, бүгінгілерге әсер етіп жатқаны шамалы. Өйткені қазір заман дамыған. Дамыған технологияның дәуірі жүріп тұр. Ақшаң болса сұлулықты сатып алуға болады. Бүгінде сұлулық салондары мен косметологиялық орталықтарын кескін-келбетіңізді өзгертіп беруге қауқарлы. Ерінің ұнамаса үлкейтуге, мұрның ұнамаса кішірейтуге болады. Қаласаңыз блефоропластикаға дейін жасатып, ажырыңызды айшықтай аласыз. Тіпті қарныңыздағы артық майды да арнайы процедураның көмегімен алып тастауыңызға жағдай жасалған. Бірақ мұндай хирургияның түрі елімізге енді жеткендіктен, адам өмірі үшін әлі де қауіпті. Дегенмен салмағына көңілі толмайтындар үшн бұл процедура таптырмас тәсіл саналады. Бүгінде анша жерден бұл процедураның қауіптілігін айтқанмен, қатерге бас тігуге ұмтылатындар көп. Ал қарындағы майды аппараттың көмегімен алдыруға қорқатындар , арықтауға арналған дәрілерді жиі қолданады. Алайда мұның оданда үлкен қауіп туғызатынын ешкім аңғармайды. Себебі, мұндай преппараттардың жарнамасы жер жарып тұр.
Саудасы қызып, жер жаһанды жайлап тұрған қаптамадағы дәрілердің адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білмесеңіз айтайық. Соңғы 4-5 жылдықта елімізге келетін мұндай өнімдердің 70 проценті жалған сертификатталған өнім болып саналады. Яғни, жалған құжат болуы әбден мүмкін. Сондықтан дәріні сатып аларпда нұсқаулығы мен құжаттарына мұқият назар аударғаныңыз абзал. Қазіргі таңда дүкендерде «black latte, qyat 7, detox» сынды өнімдер сатылымда. Бұл өнімдердің сапалы және сапасыз түрі болады. Сапасыз түрі көбінесе Қытайда жасалатын болғандықтан, оған түрлі зиянды заттар қосылады. Ал құрамы сапасыз өнімің адам өміріне аса қауіпті екенін есіңізден шығармағаныңыз абзал.
Тауар сатушылар саудасын жүргізу үшін инста блогерлерге ақылы жарнама жасатады. Оны өзіңіз де білетін боларсыз. Өнімнің пайдалы не зиян екен тексеріп жатқан ешкім жоқ. Әрине, ондай преппараттарды ақысына дәріптеп жатқан эстрада жұлдыздары мен инста блогерлер болғандықтан, қарапайым адамдар мұндай жарнамаларға сенгіш келеді. Жарнамадан жақсылық көргендерін жоқ деп айта алмаймыз. Пайдасы тиіп, ойлаған салмақты тастап жатқандары көп-ақ. Дегенмен, бұның зиянды тұсы басым. Дәріні дұрыс қолданбасаңыз, денсаулығыңызға зиян. Қамтаманың нұсқаулығына қарамасаңыз қатерлі ісікке шалдығуыңыз немесе горманалды өзгерістерге ұшырауыңыз ғажап емес. Мұндай дәрілер арқылы бір айда 5-кг нан бастап, 10-15 кг-ға дейін салмақ тастаймын деп ойламай-ақ қойыңыз. Себебі, оның пайдасын көргеніңізбен басқа ағзаларыңызға ауру тауып бересіз. Асқындырып алсаңыз, арғысы тіпті қорқынышты.
Тарих қойнауын ақтаратын болсақ, арықтауға арналған дәрілер сонау 1800 жылдары қолданысқа енген. Ал артық майды кетіретін жақпа майлар 1930 жылы Францияда жасалған. Құрамында хлор мен бром бар радиоактивті бұл майлардың адам баласына тигізген пайдасы зор болғанымен, денені қызартып, түрлі ауруларға алып келген. Кейіннен Германия мемлекеті де сұлулықтың жолында түрлі қадамдар жасаған. Сылқымдар жүзі нұрланып, әдемі болу үшін, күшәләны «мыщьяк» да ішкен. Бірақ бұл да бір есірткінің түрі болғандықтан, оны мүлде қою мүмкін емес. Германия елінің сұлулары осы күшәләні ішіп, айтарлықтай арықтаған. Алайда мұны қолданғандардың дені 35 пен 40 жас аралығына дейін ғана өмір сүрген. Себебі күшәләның құрамындағы заттар ерте өлімнің басты себебіне айналған.
Елімізде соңғы жылдары арықтауға арналған дәрілерден бөлек, түрлі кофелер сатылымға енген. Олар адам салмағын тұрақты етіп, арықтатады мыс. Керек десеңіз, денсаулығыңызға пайдасы бар дейді сатушылар. Бірақ бұл жәй ғана сауданың көзі секілді.
Әрине, бәріне бірдей күйе жағып, харамға жатқызудан аулақпыз. Дәрілік заттың пайдалылары да бар. Тек көпшіліктің назарын аударту үшін дене мүшелеріне өзгеріс енгізетіндердің ісін мүлдем құптауға болмайды. Бүгінгі таңда елімізде сұлулық үшін түрлі құрбандыққа баратындардың қатары артқанымен, олардың қауіпті екендігін, сәл ғана қателіктің құны орасан болатынын халыққа, әсіресе, жастар қауымына көбірек айту міндетті. Себебі елімізде арықтайтын дәрі ішіп, ажал құшып жатқан қаркөздеріміз қаншама...
Тек мүсінін сұлулау үшін ғана пластикалық операция үстеліне жататындардың әрекетін, өз денсаулықтарына өздері зиян келтіріп, бөгде көздерге көрінетіндердің ісін де құрғақ қиял қуу мен көзбояушылық демеуге амал жоқ. Қасиетті Құранда айтылғандай, бұл – шайтанның әміріне бағынушылық екені айдан анық.
04 желтоқсан 2022 ж. 408 0