АРЫҚТАЙМЫН ДЕП АУРУ ТАУЫП АЛМАҢЫЗ
Сұлулық десе, аққу мойынды, қыпша белді, жүзі жарқыраған сұп-сұлу күлімкөздер көз алдымызға елестейді. Әдемілікке аса мән беретін бикештер мына заманда көп-ақ. Табиғаты мен болмысынан кескін-келбетіне көңілі толатындары да жетерлік. Алайда, өзіне-өзі ұнамайтын, өзге арулар секілді көрікті көрінгісі келетіндер жер ғаламшарының түкпір-түкпірінде тіршілік етіп жүр емес пе?
Олар әдемілік үшін жасанды сұлулықтың құрбанына айналып жүр. Дамыған технологияның дәуірінде арулар түрлі косметологиялық клиникаларды жағалап, құлпырудың жолында құйтырқы құбылыстарды жасап әлек. Жасанды сұлулыққа құмар нәзікжандылар пластикалық ота жасатып, өздері ұнаған кейіптегі аруға айнала алады. Тек қалтасында қаражаты болса болғаны. Қарапайым ерінді үлкейтуден бастап, блефаропластикаға дейін жасатып, кескін-келбеттерін түрлендіре алады. Тіпті, өзін қолайсыз сезінетін арулар үшін қарындағы артық майды алып тастайтын арнайы пластиканың түрі де пайда болған. Бірақ, мұндай хирургиялық отаның түрі біздің елімізде әлі қарқынды дами қойған жоқ. Сондықтан, салмағына көңілі толмайтын арулар арықтаудың түрлі әдіс-тәсілін қолдануға мәжбүр. Мәселен, олар артық салмақтан арылу үшін жарнамасы жер жаратын компанияның өнімдерін қолданады. Алайда, арықтаймын деп ауру тауып жатқандары қаншама...

«Инстаграм» желісіне кіре қалсаңыз, арықтауға арналған дәрілерден көз сүрінеді. Жарнамасы жер жаһанды жайлап тұр. Тауар сатушылар инста блогерлер ақылы жарнама жасатып, өз тұтынушыларын лезде-ақ тауып алған. Бірақ, оның пайдалы не зиян екенін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Артық салмақтан оп-оңай арылғысы келетіндер желідегі жарнамаларға лезде алданып жатады. Әрине, ондай препараттарды ақысына дәріптеп жатқан эстрада жұлдыздары мен инста блогерлер. Аңқау халық оларға құдайдай сенеді келіп. Пайдасы тиіп, ойлаған салмақты тастап жатқандары да жоқ емес. Дегенмен, түрлі шөп дәрілерді ішіп, компания өнімдерін қолданып, зардап шегіп жатқандары одан да көп. Кейбірі, қатерлі ісікке шалдығып, дертіне дауа таппай әлек. Бәрінің бір айда 5 кг- нан бастап, 10-15 кг-ға дейін салмақ тастағысы келеді. Ол әрине мүмкін емес. Себебі, спортпен шұғылданған адам ғана, қалыпты салмақта жүретіні бесенеден белгілі.
Тарих қойнауын ақтаратын болсақ, арықтауға арналған дәрілер сонау 1800 жылдардан бері қолданысқа енген. Ал, артық майды кетіретін жақпа майлар 1930 жылы Францияда жасалған. Құрамында хлор мен бром бар радиоактивті бұл майлардың адам баласына тигізген пайдасы зор болғанымен, денені қызартып, түрлі ауруларға алып келген. Кейіннен Германия мемлекеті де сұлулықтың жолында түрлі қадамдар жасаған. Сылқымдар жүзі нұрланып, әдемі болу үшін, күшәләны «мыщьяк» да ішкен. Бірақ, бұл да бір есірткінің түрі болғандықтан, оны мүлде қою мүмкін емес. Германия елінің сұлулары осы күшәләні ішіп, айтарлықтай арықтаған. Алайда, мұны қолданғандардың дені 35 пен 40 жас аралығына дейін ғана өмір сүрген. Себебі, күшәләның құрамындағы заттар ерте өлімнің басты себебіне айналған.
Елімізде соңғы жылдары арықтауға арналған дәрілерден бөлек, түрлі кофелер сатылымға енген. Олар адам салмағын тұрақты етіп, арықтатады-мыс. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай, бәріне бірдей күйе жағып, харамға жатқызудан аулақпыз. Дәрілік заттың пайдалылары да бар. Тек көпшіліктің назарын аударту үшін дене мүшелерінне өзгеріс енгізетіндердің ісін мүлдем құптауға болмайды.
Тек мүсінін сұлулау үшін ғана пластикалық операция үстеліне жататындардың әрекетін, өз денсаулықтарына өздері зиян келтіріп, бөгде көздерге сұлу көрінетіндердің ісін де құрғақ қиял қуу мен көзбояушылық демеуге амал жоқ. Құранда айтылғандай, бұл – шайтанның әміріне бағынушылық екені айдан анық.
Сымбат Сұлтан