Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар зиянды әдетке әуестенбесе

Оқушылар зиянды әдетке әуестенбесе

 Әлі оң-солын тани қоймаған жасөспірімдер жас шыбық секілді. Қалай исең, солай бой түзейді. Алайда кәмелетке тол­мағандардың арасында түнімен көше кезетіндер, тіпті наркологиялық есепте тұратындар бар. Мұның себебі алдымен ата-ананың тарапынан бақылаудың босаң­сығанына тіреледі. Одан соң арнайы мамандардың жасөспірімдер түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуіне де байланысты.
 №152 қазақ орта мектебі 7-11 сынып оқушылары арасында білім бөлімі және Шиелі ауданаралық ауруханасының психолог маманы Н. Алматқызы, жастар денсаулық бөлімінің дәрігері Л. Аширова, гинеколог дәрігері Ә. Жүсіпбекова мамандарының қатысуымен "Жасөспірімдердің аутодиструктивті мінез құлықтың алдын алу", "Зиянды әдеттердің алдын алу", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптар аясында семинар-тренинг түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
         Мектеп оқушыларына зиянды әдеттен аулақ болу, қыз балаларға ерте жүктіліктің қауіптілігін түсіндірген мамандар одан әрі де бұл істі жалғастыра беретіндерін жеткізді. Алайда, ата-аналар тарапынан да мектептегі баласының тәртібі мен мінез-құлқына жиі назар аударып, әңгімелесу керектігі де айтылды.
Бұрынғының көнекөздері «...баланың көңілі – далада» деуші еді. Бүгінгі баланың көңілі жат қылық пен есірткіге ауып бара жатқандай. Уақытының көбін смартфонға үңілумен өткізіп, баласының көшеде не істеп жүргенінен бейхабар ата-ананың көңілі ше?..
30 қараша 2022 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031