Құнды мұра-киіз үй

«Алтын күз – 2022» мерекесінде Ы.Жақаев саябағындағы қаз-қатар тігілген киіз үйлерді көзімізбен көріп ерекше қуанып қалдық. Жасыратыны жоқ бүгінде киіз үй Наурызда, атаулы шарада ғана құрылатын болды. Иә, киіз үй – қазақылықтың белгісі,тарихымыз бен кешегі тар жол тайғақ кешкен сындарлы уақытымыздың куәсі. Сабан той мерекесінде осындай іші мен сырты тартымды, жарасымды өрнекке толы киіз үйді белгілі кәсіпкер Жалғас Сауқымов пен Табиғат Сапарбаевтар құрып, қазақылықтың үлгісін көрсетті. Бұл үйдің сыртында бүркіт пен тау тұлғалы азаматтар, тазы ит тұрса, ішін заманауи технологиямен безендіріп, жанға керекті жайлылықтың барлығын жасаған. Осы жерден қазақылықтың иісі аңқып, ұлттық дәстүріміз қайта жаңғырғандай болды. Тіпті келген қонақтар тамсанып ерекше әсерде болды. Бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын киіздің үйдің кереметі мен киесін әр мерекеде осылай насихаттағанға не жетсін?!
Ш.Тілеубаев