Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бельгияда оқушылар сабақты киіз үйде оқып жүр

Бельгияда оқушылар сабақты киіз үйде оқып жүр


Киіз үй Жев қаласы Бельгия астанасы Брюссельден 90 шақырым қашықтықта орналасқан.


Дәл осы жерде аумағы 50 шаршы метр, диаметрі 8 метр болатын киіз үй тігілген. Ішінде бастауыш сыныптың оқушылары  білім алып жүр.
“Мектебіміз тар болған еді. Сосын ойлана келе, киіз үйге көшейік деген ұсыныс жасадым. Себебі жазда өзім аталған үйді көріп, таңырқаған едім. Өте жайлы әрі көп шығынды қажет етпейді. Киіз үйге оқушылар сіңісіп кеткен. Мұндайды алғаш көрген бельгиялық балалар бұл жерде өздерін жайлы сезінетіндерін айтады”, – дейді мектеп директоры Кристин Питонс.
Білім алып жүрген оқушылардың бірі Альбо Орсидың айтуынша, киіз үй жылы. “Ең бастысы бұл жер жылы. Әрі жарық. Ауасы да таза. Ішінен шыққың келмейді”, – дейді Альбо Орси. “Мұғалімнің айтуынша, мұндай үйде қазақтар тұрған. Бізге бұл таңсық дүние. Бірақ ұнап жатыр”, – дейді тағы бір оқушы Эльза Майот.
Телеарнаның мәліметінше, бұл киіз үйдің ерекшелігі – бағасының қымбат болуында. Құны – 35 мың еуро. Ішіне пеш орнатылған. Таңсық жерде білім алып жүрген оқушылардың сабаққа деген ынтасы да артқан. Осылай ағынан жарылған бельгиялық мұғалім киіз үйдің пайдасына енді көз жеткізіп жатырғанын айтады. 
24Хабар.
18 қаңтар 2018 ж. 1 266 0