Өнегелі өмір иесі
Жуырда Жуантөбе ауылдық мәдениет үйінде Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Шындықтың шыңы Шаханов» атты оқушылар арасында көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.
Шараның мақсаты – қазақтың ұлы жазушыларының және ақындарының шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне, ділі мен дініне деген оқушылардың құштарлығын арттыру. Аудандық деңгейде көркемсөз оқу шебері атанған қатысушылар байқаудың ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезең – Мұхтар Шахановтың өлеңдерін жатқа оқу. Екінші кезеңде ақынға арнау орындады. Үмiткерлердiң өнерiне «Халық» театрының жетекшісі М.Жомартова, №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің психолог маманы Л.Төлешова, мектептің ұстазы А.Үсенова қазылық етті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Алғабас ауылындағы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің оқушысы Раяна Медетбай иеленсе, ІІ орынды Бәйгеқұм ауылындағы №251 М.Әуезов атындағы мектептің оқушысы Динара Сартай иеленді. Ал ІІІ орынға Әбділда Тәжібаев ауылынан келген Інжу Бауыржанқызы лайықты деп танылды. Сонымен бірге Жанерке Махамбет пен Талшын Өтепберген арнайы жүлдемен марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға басқарма тарапынан диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды.
– Бүгінгі байқау оқушылардың сөз өнерін терең түсінетіндігін көрсетті. Олардың орындауындағы шығармалар көпшіліктің жүрегіне сыршыл сезім ұялатты. Кітапты жәй оқудан қарағанда көркем оқудың әсері ерекше. Мектеп қабырғасында жүрген оқушылардың әдеби шығармаға деген сүйіспеншілігі тыңдарманды тәнтті етті. Осындай байқаулар жыл сайын жалғасын таба берсін, – деді ақын К.Жүсіп.
Ш.Тілеубаев