Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Салт пен сана жаңғырған кеш

Салт пен сана жаңғырған кеш

Жуырда Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында салт-дәстүрді зерттеуші, «Салт пен Сана» кітабының авторы Сәкен Алдашбаевпен кездесу кеші өтті. Оған «Дінтану» пәні мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, Шиелі индустриалды-аграрлық колледж студенттері қатысты.
Кездесу барысында журналист Сәкен Алдашбаев жиналған қауымға таңсық яки түп төркінін біле бермейтін қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным мен сенімі жайлы өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар кездесуге келген қонақтар еркін форматта пікір аламасты.
Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова С.Алдашбаевқа алғысын білдіре отырып, сый-сияпат табыстады.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
04 қазан 2022 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930