Тұранды түлеткен шаруашылық
Шиелі ауданында орналасқан Шеген Қодаманов ауылы жыл өткен сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Аталған ауылдың мұндай ерекше қарқынмен дамуына онда орналасқан «Төңкеріс К» шаруа қожалығының ықпалы зор. Шаруашылық төрағасы Бауыржан Көпеев 2018 жылы ауылға өз қаржысы есебінен 90 млн теңгеге спорт кешенін салып бергенімен қоймай, тұрмысы төмен отбасыларға және көпбалалы отбасыларға жәрдем беріп келеді.
Бауыржан Көпеев басқарып отырған «Төңкеріс К» ЖШС 2014 жылы құрылған. Дәл осы жылы Бауыржан Көпеев те алғаш рет шаруашылықтың тізгінін қолға алып, жұмыс бастайды. Егістікті әртараптандыруға көңіл бөлген қожалық бүгінде сыр салысымен бірге бидай егеді. Мұнан бөлек мал азығын дайындауды да қолға алған. Биыл қожалықтың 1700 гектар егістік алқабының 900 гектарына күріш, 150 гектарына жоңышқа, 50 гектарына мақсары, 150 гектарына күздік бидай, 450 гектарына ескі жоңышқа егілген. Шаруашылық 100 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Күріштің 450 гектар жерін орып қойдық. 250 гектар жерді бастырдық. Күріштен орта өнім 50 центнерден алынуда. 60-70 центнерден шығып жатқан жерлер де бар. Ору жұмыстарын қыркүйек айында толық аяқтаймыз деген жоспар бар. Күріштен бөлек қазір 200 гектар шамасында күздік бидай егіп жатырмыз. Техникаға келер болсақ, 3 күрішті бастыратын JOHN DEERE техникалары, 2 күрішті оратын жатка мен тракторлар бар, – дейді Бауыржан Көпеев.
Ағамыз сөз етіп отырған техникалар 2015 жылы сатып алынған. Барлығы да әлемге әйгілі Америкалық компанияның өнімі. Аталған техникаларды шаруашылық мемлекет ұсынған «Технолизинг», «КазАгроФинанс» бағдарламалары арқылы сатып алған. Сыр еліндегі өзге шаруалар секілді 3-4 жыл шамасында «Төңкеріс К» шаруашылығы судан тапшылық көріп келеді. Биыл да аздаған тапшылық сезіліп, егістіктің 5-10 проценті судан қалған. Дегенмен «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» демекші қожалық тәуекел етіп, жұмысын жалғастыруда.
40 жыл қалтқысыз қызмет
Сөз басында айтып өткендей, шаруашылықта 100-ге тарта шаруа жұмыс істейді. Сол еңбек адамдарының ішінде шаруашылыққа әбден еңбегі сіңген 40 жыл осы салада тер төккен азамат та бар. Есімі – Талғат Алдажұманов. Шаруашылық құрылғалы звено күрішшісі болып қызмет етуде. Ағамыз жұбайы Сафиямен бірге 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірген. Жалғыз ұлы «Гежуба Шиелі Цемент» зауытында жұмыс істейді.

– Шаруашылық құрылғалы осында қызмет етіп келемін. Негізінен бұл салада 40 жыл бел жазбай тер төктім. Осы шаруашылықтың арқасында отбасымды адал тамақтандырып отырмын. Шаруашылық төрағасы бізге қажетті барлық жағдайды жасауда. Керек десеңіз шаруашылықта дала қостары жұмыс істейді. Жұмысшыларға түскі ас, кешкі астары осы дала қостарында беріледі,– дейді Талғат Алдажұманов.
«Еңбек түбі – береке» демекші, жердің бабын тапқан адам игілігін де көреді. Ал осындай еңбекке құштар ұжымдардың табысты жұмысын насихаттау редакцияның негізгі мақсаты болып табылады.
Рамазан ӘНӘПИЯ