Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруашылығы ширап келеді

Шаруашылығы ширап келеді

Аудан іргесінде орналасқан Бестам ауылына қарасты «Бестам Елі» ЖШС-ға тиесілі егіс алқабы бүгінгі мақаламызға арқау болмақ. Қазір мұндағы майталман механизаторлар мен жұмысшылар қара жерге дәнді дақыл өнімдерін толық сеуіп бітуге жақын. Қысқасы бос жүрген бір адам жоқ, әрқайсының өзіне артылған міндет бар.
Аталған шаруашылықтың төрағасы Балтабай Қошқаров өте іскер азамат екенін сөзімен де ісімен де аңғартып келеді. Ол аталған серіктестікті 2010 жылдан бері басқарып жүр. Сол уақыттан бері шаруашылық жұмысының ширағанын әріптестері де жасырмайды. Ерте көктемде науқан жұмыстарына кірісіп кеткен шаруашылық ұжымы қазірдің өзінде 200 гектарға сыр салысын, 50 гектар алқапқа бидай және 150 гектар жерге ескі жоңышқа, 30 гектар жерге жаңа жоңышқа орналастырып үлгерген. Енді маусымның 5-не дейін қалған 15 гектар егінді толық аяқтауды көздеп отыр. Осы ретте егістікке қажетті Беларусь МТЗ 80, 12 21, К–700, ХТЗ-2, комбайын сияқты алып техникалар жүйелі жұмыс істеуде.
Қазіргі кезде аталған шаруа қожалық 40 гектар жоңышқалықты орып аяқтаған. Енді алдағы уақытта 110 гектар жоңышқа орылмақ.
«Жер Ана мәпелесең – жомарт» дегендей, ерте көктемнен басталатын тірлік қара күзге дейін жалғасады. Шаруа қожалығының жұмысына Балтабай аға өзі бас-көз болып, қарамағындағы 30 адамға тұрақты жұмыс беріп отыр. Диқаншылыққа бет бұрған шағын қожалықтың жұмысшылары түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын тізгіндеп, тұрақты түрде жұмыспен қамтылған.
«Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» дегендей, ауыл азаматын тұрғындар қайырымды жан деп біледі. Әр жыл сайын тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз бас­ты қарттарға құрмет көрсетіп, көмек беруді дәстүрге айналдырған.

Ш.Тілеубаев
30 мамыр 2022 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031