Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Даланың байлығы – диқандарда

Даланың байлығы – диқандарда


Қазіргі уақытта ел экономикасын сауықтырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында әр салада ауқымды жобалар жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Сол саланың бірегейі – ауыл шаруашылық саласы. Аталмыш сала, еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі.
Әне-міне дегенше тамыз айын орталадық. Алайда, шаруа адамдары күннің ыстық-суығына қарамай, толассыз жүре береді. Мал азығын молынан дайындап, қыстан қысылмай өту үшін, ауыл халқы жаз бойы жем – шөбін жинап алуға тырысады. Ауыл шаруашылығында шөп егу жұмыстары егіншілік мәдениетін көтеретін қуатты тетіктердің бірі болғандықтан, шөптердің арасында жоңышқа ерекше сұранысқа ие. Ол мал шаруашылығында жем-шөп базасын нығайтып, бағалы болып есептеледі. Ал, оның дәрілік түрі көптеген қоректік биозаттар беріп, топырақ құрамын жақсартады. Жоңышқа топырақ, су және энергетикалық әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бере отырып, топырақтың құнарлылығын арттырып, эрозиялық үдерістің дамуына жол бермейді. Сонымен бірге, ауыспалы егіс тәртібін сақтауға өте қажетті екпелі дақыл. Алайда, ірілі-уақты шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық құрылымдарының көбісі осы екпелі шөпті алқаптарына аудан бойынша 6869 гектар жоңышқа екті. Оның 500 гектары тұқымдыққа қалдыруда, қалған 6369 гектарына екінші орылымы бітуге аяқталды. Бұл өнім бойынша гектарына 70 центнерден айналуда. Астық себу алаңына жоңышқа отырғызу күздік өсімдіктердің мәселесін шешіп, жерді оңтайлы пайдалануға алып келеді. Биылғы жаңа жоңышқа 3035 гектарға егіліп, 1 гектар жерден ортақ өнім бойынша 10 центнер шөп алуда. Жоңышқаны пайдалану өнімнің ылғалдық қорын қалыптастырады.
Бестам ауылындағы «Бағлан» шағын шаруа қожалығы былтыр да, биыл да 20 гектар жерге жоңышқа егіп келеді. Бағлан Лекеровтің айтуынша: «Жоңышқа егу өсімдіктердің шіріп, зақымдануын күрт төмендетеді. Шөптің тамыры топыраққа ыдырап, дикумарин түзіледі. Яғни, жоңышқа топырақтағы зиянкестерді, ауру таратушылардың жойылуына себепші болады. Жерді тыңайтып, қайта қалпына келтіріп, ротацияланады. Үш жыл жоңышқа егіп, одан кейін, күріш, бидай, арпа егеді. Құдай қаласа, келесі жылы күріш егуді жоспарлап отырмын.» - дейді. Бүгінде, бұл ауылда 16 шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысуда.
Өңір бойынша 29062 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде негізгі дақыл болып саналатын күріш – 12500 гектар жер аумағын алады. Өткен жылы да 12500 гектар жерге күріш егілген. Бестам ауылындағы шаруа қожалықтары күріш дақылын 740 гектар жерге еккен. Күріштен тау тұрғызып, рекорд орнатқан ауданның өз өнімі тұрғындарға тиімді бағада ұсынатына халық сенім білдіреді. Сонымен қатар, бұл ауылда бидай 91 гектар, мақсары 35 гектарды егіп, өнімін әне міне дегенше алуға дайын отыр. Ауыл тұрғыны Балтабай Айменов 10 жылдан бері бақша өнімдерін егіп келеді. «Біз отбасымызбен, жылдағы әдет бойынша, картоп, қауын мен қарбыз, пияз, сәбіз, асқабақ егеміз. Осы өсіріп отырған өнімнің арқасында базардан көкөністерді сатып алмаймыз. Алла шүкір, осы жеп отырғанымыз адал еңбектің арқасы» – дейді ауыл тұрғыны. Я, расымен де «Еңбек – бәрін де жеңбек» қазіргі таңда еңбектің мән-маңызы арта түскені ақиқат. Елбасы Н.Назарбаев «Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан, біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті жолға қоюға тиіспіз» деген болатын. Демек, қарапайым еңбек адамдары кез-келген қиыншылықтан өз еңбегінің арқасында ғана еңсере алатыны сөзсіз.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
12 тамыз 2018 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031