Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт түлікте табыс бар

Төрт түлікте табыс бар

Аграрлық сектор – халықтың қолайлы өмір сүруі үшін қажет әрі маңызды сала. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету осы саланың еншісінде болғандықтан, аграрлық сектор еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Сондықтан да, мемлекет бұл салаға ерекше қолдау танытып келеді.
Елімізде негізгі мақсат – агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелендірудің қолжетімді жүйесін дамыту арқылы аграрлық саланы әртараптандыру мен индустрияландыруға бағыттау. Қазіргі таңда шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдіктермен бағдарлама аясында несиелер беріліп жатыр. Шаруаның көзін тапқандар несие алып, өз істерін бастап, мал санын көбейтіп отыр. Демек, ниет болса бәрін жасауға болады. Елбасының тапсырмасымен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуды 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» әзірленіп, бекітілген болатын. Осы бағдарламаның бірінші кезектегі міндеті агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін майда шаруашылықтармен жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалана отырып, біріншіден, өндіріс көлемі мен экспортты арттыру, екіншіден жаппай нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру болып табылады.
Мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік қолдаудың арқасында асыл тұқымды ірі қара 602 басқа, асыл тұқымды қой – 8272 басқа, жылқы – 144 басқа, түйе – 380 басқа жетті. Бүгінде 5 шар­уа қожалықтарда мал бордақылау алаңдары іске қосылып мал бордақылануда. Ауданда 16 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді. Қызылорда қаласындағы «Асыл Тұқым» ЖШС және «Жаңақорған-Асыл түлік» ЖШС келісім шартқа отырып жеке қосалқы шаруашылықтағы малдарды қолдан ұрықтандыру жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары бойынша 2593 бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылды. Сонымен қатар, биылғы жылы Төңкеріс ауылдық округіне қарасты «Жылқайдаров» шаруа қожалығы 100 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуға жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда мал бордақылайтын алаңды қоршап, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Иіркөл ауылдық округіне қарасты «Жерұйық» шаруа қожалығы 100 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Әшірбеков» шаруа қожалығы құны 72 млн. теңге болатын күріш ақтау цехын және құны 37 млн. теңге болатын құрама жем цехын іске қосуды жоспарлап құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Цехтар іске қосылғанда тәулігіне 60 тонна күріш өңдеп, 28 тонна құрама жем шығарып, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жылдың аяғына дейін құрылысы аяқталатын «Сыр агро и К» ЖШС 1200 басқа арналған жобалық құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын тауарлы сүт фермасын ашу жоспарлануда. Кешен құрылысын жүзеге асыру үшін 20 га жер телімі табысталды.
Ауданда мал шаруашылығы саласына көлемді инвестициялар тартылып, асылдандыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Ірі қара малын көбейту мен сапасын арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы тиімді несиеге қол жеткізген көптеген шаруашылық құрылымдары оның игілігін көріп, мал өсіріп, мал басын біршама арттыруға мүмкіндіктер берді. 2011-2017 жылдары «Сыбаға» бағдарламасымен шаруа қожалықтарының саны 63-ке жетіп, жылдан-жылға сатып алынған мал басының сандары көбеюде. Осы жылдары 593 022 000 теңгеге, 3574 бас мүйізді ірі қара малы сатып алынған. Сонымен қатар, 2014-2017 жылдары «Алтын асық» бағдарламасы аясында асыл тұқымды қойды өсіріп, жетілдіріп, біршама жұмыстар атқарылып, жанданып келеді. Осы бағдарлама бойынша ауданда 8 шар­уа қожалықтары қатысып, 88 700 000 теңге несие берілді. Олар бүгінде 3837 бас асыл тұқымды қойды көбейтіп, асылдандыруда. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 14 шаруа қожалық­тары 395 бас асыл тұқымды жылқы малын алып, қамбар ата шаруашылығын алға қарай ілгерлетуде. Оған, бюджеттен 124 500 000 теңге несие ­қарастырылған.
Негізінен «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» әлеуметтік бағдарламалар қатарына жатады. Бүгінде, «Құлан» бағдарламасы тоқтатылып, «Алтын асық» пен «Сыбаға» қосылып, малшаруашылықты дамытып, оның саны мен сапасын арттырып, сол арқылы ауылдарда жұмыссыздық деңгейін азайтуға күш салуда. Сондай-ақ, бағдарламаның көздеген тағы бір мақсаты – салалық «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау арқылы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылмен тығыз байланыста екенін ескерсек, аграрлық секторды дамыту арқылы ауылдарды көркейтуге де үлес қосатыны анық.


Жұлдызай Ноғайбайқызы.
31 шілде 2018 ж. 1 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930