Адал көмек алаңында «Мүгедектік тобын анықтау мәселелері» бойынша құқықтық кеңес беріледі.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету мақсаты болып табылатын «Adal komek» жобасы оффлайн форматқа көшуде.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Аntikor ortalyǵy» қызмет көрсету орталығында апта сайын бейсенбі күндері халықпен түсіндірме кездесулері өтеді.
Отырыстың тақырыбы мен баяндамашысы көрсетілген хабарландырулар әр дүйсенбі сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.
Шараға қатысу үшін 87079297552 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.