Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді.

Прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді.


Прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді.
Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті.
Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.
Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.
Бас Прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді.
Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бүгінгі таңда СЭҚ-тық 7 қатысушысы («Tex Alliance», «Almobi Group», «Express Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарылды.
Қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде аталған компаниялардың кепілдік мүлкі есебі арқылы жалғасуда.
08 қыркүйек 2022 ж. 398 0