Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯҒА КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯҒА КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Оборудование для цифрового телевидения Т2 - MegaObzorСәрсенбі күні Қызылорда облысындағы телерадио хабарларын тарату саласында жаңа өзгерістер енгізілетін тарихи сәт болды. Дәлірек айтсақ, рес­публика бойынша Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарында аналогты телевизияны өшіре отырып, цифрлық эфирлік телевизияға көшу жұмыстары жүргізілді.
Алғаш рет Қызылорда қаласы және оған жақын орналасқан 36 елді мекенді қамтыған Цифрлық эфирлік телевизия жүйесі Қызылорда радиотелевизиялық стансасында 2013 жылы іске қосылған болатын. Ал облыс көлемінде 16 РТС 2020 жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Аналогты телевизияны өшіре отырып, ЦЭТВ-ға толық көшу процесі нақты алынған өңірдің дайындығына байланысты және халықты алдын ала хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады.

«Өскен өңір» ақпарат
02 қыркүйек 2022 ж. 604 0