Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 40 РТС-те тестілеу түрінде цифрлық эфирлік телехабар тарату тоқтатылды

40 РТС-те тестілеу түрінде цифрлық эфирлік телехабар тарату тоқтатылды

Қазақстанның 5 облысында 40 радиотелевизиялық станцияда цифрлық эфирлік телехабардың таратылуы тоқтатылды. Бұған дейін төтенше жағдай мерзімі кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан білім беруді ұйымдастыру және «Балапан», «ЕлАрна» телеарналарының эфирінен сабақ көрсетілуіне байланысты: Шығыс Қазақстан облысында – 6, Ақтөбе облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Қызылорда облысында – 16, Атырау облысында – 5 РТС тестілеу тәртібінде іске қосылған балатын. Айта кетерлік жайт, аталған радиотелевизиялық станциялар бұған дейін ресми қолданысқа берілмеген еді. Қазіргі уақытта РТС құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялаған болатын. ТЖ жарияланған соң Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан білім алу тәртібіне көшіру туралы шешім қабылданды.
14 маусым 2020 ж. 620 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 30

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930