Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтардың құқығы қашанда маңызға ие

Азаматтардың құқығы қашанда маңызға ие

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев соңғы жылдары өз бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы рөліне ерекше мән беруде. Осы орайда Шиелі аудандық прокуратурасы аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Саралап айтар болсақ...
Жыл басынан бері қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында мемлекет пайдасына 41,6 млн теңге өндіріліп, 19361 адамның, оның ішінде 3824 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалды. Мысалы, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы, сондай-ақ патронат тәрбиешіге баланы күтіп-бағуға жәрдемақы уақытылы берілмеген. Аталған мәселе заң аясында қайта қаралып, 70 кәмелетке толмаған балаға тиесілі жәрдемақы төленді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың ас мәзірін ұйымдастыру барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жасалған талдау бойынша талапқа сәйкес тамақтандыру жүргізілмегені анықталған. Нәтижесінде 28 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ас мәзірлері заң талаптарына сәйкес келтіріліп, 3824 баланың конституциялық құқығы назарға алынды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайына жасалған талдау бойынша аудандағы 32 білім беру ұйымы бойынша 3336 оқушы ағымдағы жылдың наурыз айында тамақтандырылмағаны анықталды. Сондай-ақ 4 білім беру ұйымымен 156 оқушыға құрғақ тамақ беру жөнінде мемлекеттік сатып алу шарты жасалмағаны белгілі болды. Бұл мәселелер дер уақытында назарға алынып, қадағалау актісінен кейін, толығымен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, 3492 бала тамақпен қамтамасыз етілді.
«Балалар жылы» қарсаңында балалардың құқығы мен денсаулығын сақтау бағытында да жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды тасымалдау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жасалынып, белгіленген қағида талаптарына сәйкес жүзеге асырылмайтыны анықталды. Нәтижесінде 4585 оқушының құқығы қорғалды. Оған қоса білім беру ұйымдарында (мектептер мен балабақшаларда) және емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде аудан аумағындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер толық жүргізілмегені белгілі болды. Тексеру нәтижесінде 5022 бала толығымен қарап тексеруден өткізілді.

Кәсіпкерлердің де құқығы назардан тыс қалмайды
Аудан прокуратурасына бір топ жеке кәсіпкерлер хабарласып, онда Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі бойында орналасқан «Тоқтап тұруға тыйым салу» жол белгісінің қою заңдылығын қарап, алып тастауға және жаяу жүргіншілер өткелін орнатуға ықпал жасауды сұраған болатын. Заң бұзушылық бойынша енгізілген ұсыныстан кейін жол белгілері талапқа сәйкестендіріліп, 85 кәсіпкердің құқығын қорғау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, мемлекет кірісіне салық төлеушілермен салықтың төлену жағдайына мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 2019-2021 жылға көлік құралдары салығын 1080 көліктің иелері 22,1 млн теңге төлемегені анықталды. Бұл жұмыстар бойынша бүгінгі күні мемлекетке 3,5 млн теңге прокуратуратының ұсынуы бойынша өндірілді.
Алдағы есептік кезеңге жұмыс қарқынын одан әрі күшейітіп аудан халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, азаматтардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бағытында шаралар жүргізе беретін боламыз.

Шиелі ауданы прокуратурасы
08 тамыз 2022 ж. 175 0