Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді: министрлік ресми жауап берді

Әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді: министрлік ресми жауап берді

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазаннан бастап отбасының табыс көзін есептемей, әр балаға берілетін 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы туралы әртүрлі мессенджерлерде тарап жатқан хабарламаларға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство хабарламаның шындыққа сай келмейтінін және жалған екенін айтты.

" Бүгінгі таңда бала тууды ынталандыруға және балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі ұсынған балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі құрылды:
бала тууына байланысты жәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 95 950 теңге (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала үшін - 159 075 теңге (63 АЕК);

- бір жасқа дейінгі баланың күтіміне арналған жәрдемақы (биылғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК - 14 544 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК - 17 195 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК - 19 821 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 8,90 АЕК - 22 473 теңге);

- мүгедек баланы ересек болғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына тағайындалған және төленген жәрдемақы (оның мөлшері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орташа есеппен 41 418 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматты күтуге төленетін жәрдемақы (2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 41 578 теңге (13.4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

Сондай-ақ, Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді (мөлшері 16 160 теңге).

Сонымен қатар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жәрдемақы төленеді, 2019 жылы жәрдемақы мөлшері – 10 504 теңге.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
01 қазан 2019 ж. 1 625 0