Жақаевпен мәскеуге барған батыр
Ерлік. Ел мен жер үшін жанқиярлық қайсарлық көрсеткен майдангерлердің есім-сойы ешқашан ұмытылмайды. Қан майданда қайралып, елге келген соң еңбек майданына енгендері қаншама. Қос майданның батыры атанып, Отан үшін от кешкен жанның бірі – Байдүйсен Тәркешов.
Ол 1914 жылы Ақмая ауылдық кеңесінде дүние дидарына келген. Тағдыр тепкісіне ерте түскен сәби алты айлығында шала туған күйде анасынан айырылды. Оны нағашы атасы Сіргебай мен әжесі Уыз қолдарына алып, қараша үйдің керегесінің басына ырымдап түлкі тымаққа салып, аман-есен ес білгенше өсіреді. Өмір оны ерте есейтті. Еңбекке де ерте араласты. Әкесі Тәркеш болса, жарының аманаты жалғыз ұлын жетілдіремін деп күні-түні тыным таппайды. Тәркеш сауда-саттықпен айналысып, Қаратау қойнауын жайлаған малшыларға өрік, мейіз сатып жүріп, жан жары Әздектің аманатын ақтайды. Ал Байдүйсен Тәркешов сол кездегі арабша ликбезден 3 жылдық білім алып шығады. Еңбекке ерте араласқан жас 1929 жылы «Көкжиде» жерінде «Ұйымшыл» деген атпен ұйымдастырылған артельге барады. Артелдің жұмысына белсене араласа жүріп, өзімен бірге жұмыс жасайтын, өзінен көп жас кіші, еңбекқор Жұпаркүл есімді қызға көзі түседі. Бір-біріне деген сыйластық сезімі қимастыққа ұласқан екі жас 1942 жылы шаңырақ құрып, өз алдарына отау тігеді. Б.Тәркешов шаңырақ көтерген жылдың сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында жасақталған әскери құрамға алынады. Ауылдан аттанған Оспан Байдүйсенов есімді азаматпен бірге Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Ол Түркістандағы оқу-жаттығу кезінде қару-жарақ түрлері мен ұрыс даласындағы жауынгерлік шеберліктің барлық құпиясын жетік игеріп Украина жерінде болып жатқан майдан даласына жөнелтілген. Осы жерден өзімен бірге аттанған Оспан екеуі екіге бөлінді. Ол соғысқа кіші сержант шенінде кірді. 410-шы атқыштар полкінде жүрген жас жауынгер жан берісіп, жан алысқан шайқаста бірнеше мәрте жарақат алғанына қарамастан талай қанды қырғынды басынан өткереді. Майдангер соғыс аяқталуына бір жыл қалғанда шамамен 1944 жылы ауыр жараланып, әскери госпитальға түседі. Жарақатының ауырлығына қарамастан тезірек аяқтан тұруға талпынған азамат сол жылдың қыркүйегінде госпитальдан шығып, бөлімше командирлігіне тағайындалып, қайта ұрыс даласына шығады. Майдан даласында ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, көзге түскен қазақ баласының шенін взвод командирінің орынбасары етіп бекітеді.

1418 күнге созылған майдан даласында ержүрек, батыл да тиімді ұрыс жүргізіп жүрген жауынгердің жігерлі істері жалғасып жатты. Осылайша Украина үшін ұрыста табандылық пен ерен ерлік көрсеткен кеңес жауынгерлері жоғары наградаларға ұсынылады.
Полк командирлері алдыңғы шепте ұрыс салып, жау әскерін жайратып, ерлік көрсеткен Б.Тәркешовтің кеудесіне «Ерлігі үшін», «Әскери қызметі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «I дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендері және әртүрлі мерекелік медальдарын тағады. Германияның тізе бүгуіне байланысты атқарған адал қызметі, көрсеткен ерлігі үшін бас қолбасшы, Кеңес Одағының маршалы И.В.Сталиннің алғыс хатының Б.Тәркешовке табысталуы да тегіннен тегін емес еді. 1945 жылы Отан алдындағы адал қызметі үшін Кеңес Одағының маршалы, Кеңес әскерлерінің окупациялық Германиядағы бас қолбасшысы Г.Жуков пен әскери кеңесші, генерал-лейтенант Телегиннің алғыс хаты, жеңістің 30 жылдығына орай сол кездегі қорғаныс министірі А.Гречконың «Құттықтау хатының» берілуі ердің ерен ерлігінің ескерусіз қалмағының айғағы. Соғыста жүргенде туған туыстарына екі рет «қара қағаз» келген Байдүйсен Тәркешов елге аман-есен оралады. Әйтсе де, хабарсыз кеткендердің арасынан орын алған Байдүйсен Тәркешовтің есімі Мырқы Исаевтың «Боздақтар» естелік кітабының ақтаңдақ беті ретінде тарихта қалғаны сөзсіз.
Майдангердің жары Жұпаркүл Әлімбетова – 1925 жылы Ташкент облысы, Қызылдихан ауданында дүниеге келген. Жастайынан қара жұмысқа жегіліп күріштіктерде сушы болып жұмыс істеген. Мұнан соң Шиелі каналының Төменарықтағы сағасынан бастап, аяғына дейін қолдап канал қазуға қатысады. 1942 жылы Төңкеріс колхозынан Ермағанбет Пәтта мен Жұпаркүл Әлімбетовалар сол кездері Тартоғайдағы Таштоп мекемесіне вагонмен сексауыл дайындап жөнелтіп отырған. Мұнан соң Тасбөгетке плотина салуға жібереді. Сол жерде пленге жегілген немістермен қоян-қолтық араласа жүріп, дарияға салынған үлкен құрылысқа бастан-аяқ қатысқан.
Плотинаны бітіріп ауылға қайтқалы тұрған кезінде бұйрық шығып плотина салуға қатысқан плендегілермен қоса үш қазақ келіншекті Өскемендегі құрылыс материалдарын дайындауға және мал азығын қызыл вагонға тиеп жөнелтеді. Ол жақтан Жұпаркүл апай етінің тірілігінің және 5 сыныпты орысша оқығанының арқасында 1946 жылы туған ауылына оралады. Заты нәзік әйел болғанымен ерлерге тән тірліктің бел ортасында жүреді. Екеуі де соғыс жылдары мен бейбіт кезеңде атқарған ерен еңбектері үшін марапат пен сый-сыяпаттан кенде емес. Жұпаркүл Әлімбетова «В.И.Лениннің туғанына-100 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қара жұмыстың соңында жүрген отбасында 1949 жылы Әбдімәжит атты ұл дүниеге келеді. Ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға бала тәрбиесіне ерекше мән берген отбасының бақытты күндері басталды. Болашағына сеніммен қарайтын ұлағатты ұлды тәрбиелеп өсіруде Жұпаркүл апаның сіңірген еңбегі зор.
Шиелі ауданынан аттанған төрт мыңға жуық жауынгердің бірі Байдүйсен Тәркешов 1954 жылы атақты диқан Ы.Жақаевпен бірге Мәскеу қаласында өткен «Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне» қатысу құрметіне ие болады. Осы жолы оған «Еңбек ардагері» атағы беріледі. Қилы замандағы қиындыққа мойымаған жігерлі жанның еңбегінің еленгені бұл ғана емес. 1978 жылы аудандық атқару комитетінің төрағасы Әзімхан Исмаилов еңбек даласының майдангеріне «Нива» жеңіл автокөлігінің кілтін табыстаса, сол жылы аудандық атқару комитетінің сауда бөлімін басқарған Бибіжан Жәукебаеваның шешімімен тұрғын үй құрылысына қажетті заттар босатылып берілді.
Артына өшпес із қалдырған еңбек және соғыс ардагері, қос майданның батыры Байдүйсен Тәркешов 69 жасында дүниеден озды. Тынымсыз тіршілікте оған сүйеу бола білген асыл жары Жұпаркүл Әлімбетова 1981 жылы 56 жасында қайтыс болды. Арттарында қалған жалғыз ұлы Әбдіжәмит әке жолын жалғастыра отырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде игі істердің бастаушысы бола білді.
Шапағат Тілеубаев