Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы техинкалары лизингке беріледі

Ауыл шаруашылығы техинкалары лизингке беріледі

Елімізде тамыз айынан бас­тап өзімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке беретін бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы индустриялық даму қоры өкілдері хабарлады.
Қор өкілдерінің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін жалпы 40 миллирад теңге бөлінеді. Оның 30 миллирад теңгесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 миллиард теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартылмақ.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның барлық филиалында 5 тамызда басталады. Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін, ал оның сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 процент болып бекітіледі. Сондай-ақ лизинг бойынша бастапқы жарна 0 процент, ал негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – 1 жылды құрайды. Қаржыландыру көлемі – бір лизинг алушыға 205 млн теңгеден және бір лизинг алушыға ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен артық техника алуына мүмкіндік берілмейді.
Бағдарламаға мынадай отандық өндірістегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары қатысады: LOVOL, DEUTZ FAHR, TURAN, КИРОВЕЦ, БЕЛАРУС, RSM, YTO, CLAAS XERION, DONG FENG, WUZHENG маркалы тракторлар; ESSIL, VECTOR, ACROS, TORUM, CLAAS TRION, DEUTZ FAHR маркалы астық жинайтын комбайндар (күріш комбайндары); Сүрлем жинайтын комбайндар: Жемшөп жинайтын жоғары өнімді комбайн (ЖЖК), Жемшөп жинайтын өздігінен жүретін комбайн (ЖӨК).

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
02 тамыз 2022 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930