Құрбан айт – Құтты мереке
Биыл мұсылман халқының басын қосып, қуаныш пен шаттықтың, ынтымақ пен берекенің қазандығы болған қасиетті Құрбан айт мейрамын Шиелі ауданы ерекше атап өтті. Бұған орталық мешіт пен ауылдық округтердегі мешіттерде ұйымдастырлған игі шаралар дәлел бола алады.
Ал біз бұл күні әдеттегіше орталық мешітке бет алдық. Байқағанымыз сенбі күні таң ата орталық мешітке жиылған ағайынның қарасы қалың болды. Олардың мешітке жиылуындағы негізгі мақсаты – айт намазына қатысып, мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамын тойлау болды. Ал жиылған жамағатты ауданның бас имама Бақыт Ұлжаев жымия қарсы алып, айт намазының маңызы және құрбан шалу жайында уағыз айтқан соң, жамағат айт намазына тұрып, сәждеге жығылды. Айт намазы оқылып біткеннен кейін жамағаттың жұмылуымен Алла разылығы үшін құрбан шалынды. Мұнан соң аудан тұрғындары құрбандыққа шалынатын уақ малын сойып, етін аудандағы мұқтаж отбасыларға жөнелтуге асықты. Жалпы мерекеде ұйымдастырылған шаралар турасында бас имам:

– Жалпы алғанда Құрбан айт күндері 44 уақ мал мен 1 ірі қара малы құрбандыққа шалынды. Құрбандыққа шалынған малдардың етін 160-қа жуық адамға үлестіріп бердік. Оның ішінде 60-тан астамы ауылдық жердің тұрғындары. Ал мұқтаж жандардың тізімін әлеуметтік қамсыздандыру орталығы мен «Аналар қорынан» алдық. Құрбандық етін үлестіріп болғаннан кейін, ұлық мерекенің маңызын арттыру үшін спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Атап айтсақ, қол күресі, гір тасын көтеру, турникке тартылу сияқты бірнеше спорт түрлерінен сайыстар өтті. Оған 40-қа жуық тұрғындар қатысты. Мұнан бөлек мешітке келген жамағатқа да шалынған малдың еті таратылып, жас балаларға тәспі сыйға берілді,– дейді.
Шиелілік ағайын құрбан шалып қана қоймай, бауырмалдық, ағайындық секілді ара қатынастарды жаңғыртты. Ал балалар осынау игі істерді санасына сіңіріп, нағыз мұсылманның қандай болуы керектігін түсінді.
Рамазан ӘНӘПИЯ