Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айт қалтаны ойлайтын мейрам емес

Құрбан айт қалтаны ойлайтын мейрам емес

Құрбан айт – ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңген, ұлы дала төсіндегі ұлық мереке. Құрбан айттың негізгі шарттарының бірі құрбан шалу. Дегенмен «Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау», дегенді білдіретіндіктен кез-келген мұсылман бұл мерекеде ізгі-сауапты істер жасау арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсуге тырысуы керек.
Алайда «Құрбан айт мерекесінде құрбан шалушы ғана сауаптан үмітте ме?» деп қаласың. Себебі құрбан шалмақ болған ағайынға, қасақана қылғандай мал иелері қойдың бағасын шарықтатып жіберетін болған. Тіпті кейбірінің аузынан «Құрбан айтқа қой ұстап отырмын. Уақыты келгенде екі есе бағасына сатып жіберемін» деген сөздерді де естідік.
Расында биыл жылдағы дәстүрмен еліміздің көптеген қалаларында құрбандыққа шалуға жарамды қойдың бағасы күрт өсіп кеткен. Атап айтсақ, Ақтау қаласында 90 – 100 мың теңге, Түркістан қаласында 80-90 мың теңге, Көкшетеуда 70-80 мың теңге, Қызылорда қаласында 55-65 мың теңге шамасында. Бұл орташа баға. Ал егерде сіз семіз қой алғыңыз келсе, баға мұнанда жоғары болары анық.
Осы ретте Орталық мешіттің бас имамы Бақыт Ұлжаевтан сұқбат алуды жөн санадық.
– Биыл біз Құрбан айт мерекесінде 80 мұқтаж отбасына құрбандыққа шалынған адал етті үлестіріп беруді көздеп отырмыз. Әзірге қанша адам мешітке келіп, құрбан шалатынын білмейміз. Дегенмен кез-келген мұсылман адам біздің орталық мешітке келіп құрбандық шалуына болады. Ал мал иелеріне айтарым мұсылман қауымның қасиетті мейрамы Құрбан айт мерекесінде қалтаның қалыңдығын емес, сауап жинауды көбірек ойлағанымыз дұрыс. Себебі несібені беретін де, алатын да Алла Тағала. Алла Тағаланың қазынасы шексіз ғой шіркін, – деді Бақыт Ұлжаев.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
08 шілде 2022 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031