Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

ҚҰРМЕТТІ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды келіп жеткен мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айт мүбәрак болсын!
Мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт мерекесі еліміздің бірлігін күшейтіп, бауырластықты арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамыздың өзегіне айналған, ата-бабамыздан келе жатқан дініміз – тәуелсіз еліміздің бұдан ары қарайғы да рухани-мәдени жаңғыруының негізі. Халқымыз бұл мейрамға айрықша дайындалып, ерекше атап өтеді. Берекеге бастаған құрбан айт бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді.
Құрбан айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубаға шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының разылығына, рақымына жақындай түседі. Өйткені араб тіліндегі «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты биылғы Құрбандық шалу мүмкіндігі онлайн режимінде ұсынылады.
Ұлық мереке құтты болсын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла қабыл етсін!
Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін!

Құрметпен
Қ.Мүбараков, Шиелі ауданының әкімі
03 тамыз 2020 ж. 451 0