Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті мерекеде – қатарымыз көбейіп, ұлттық ойындарымыз ұлықталды

Қасиетті мерекеде – қатарымыз көбейіп, ұлттық ойындарымыз ұлықталды


Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с) туған жері Меккеден мәңгілік мекенге аттанған қасиетті мадина қаласына қоныс аударған уақытта аңсарлар жыл сайын екі мерекені тойлайды екен. Оны көрген пайғамбарымыз бұл екі мейрамды алла алдында сауапқа кенеліп, ерекше қасиетке ие қос мерекемен алмастыратынын айтып мұсылмандардан сүйінші сұрайды. Осылайша пайғамбар үмбеті хижри жыл санағы бойынша екінші жылы ораза айт пен құрбан айт мерекесін тойлауды бастаған екен. Жер бетіндегі мұсылмандар үшін мәртебесі биік мереке бұл құрбан айт болып есептеледі. Бұл ұлық мереке. Құрбан – араб тілінен аударғанда «жақындау» дегенді білдіреді, яғни, жасаған амал істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындау. Құрбандық шалу – мүмкіндігі бар барлық адамға уәжіп. Биылғы құрбан айт мерекесі еліміз бойынша 21 тамызға тұспа-тұс келді.

Сейсенбі күні жұрт демалып, Құрбан айт мерекесін тойлады. Мерекеге орай күн арайлап шапағатын шашқаннан орталық мешітте уағыз айтылып, бас иамам Бақыт Ұлжаев мерекенің мән-мағынасын түсіндіріп өтті. Аудан орталығындағы бас мешітте оқылған құранның нұры аймаққа тарап бейне бір тыныштық сыйлап тұрғандай әсер қалдырды. Таң рауанынан орталық мешітке қадам басқан жамағаттың қарасы көп болды. Жүздеріне жылулық пен мейірім үйірілген жандар қасиетті мерекеде Жаратқаннын дұға тілеп, тақуалықпен Раббысына жақындай түсті. Пайғамбарымыз бір сөзінде: «қиямет күні мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын» дегені бар емес пе?! Мереке қарсаңында аудан тұрғыны өзге ұлт өкілі дүйім елдің алдында тілін кәлмаға келтіріп ислам дінін қабылдады. Осы бір сәт жамағатқы ерекше әсер қалдырып, жұртшылық тағы бір дін бауырларының көбейгеніне дән риза болды. Иә, Алланы бір деп танып, Мұхамедті (с.ғ.с) пайғамбары деп мойындаған өзге ұлт өкілінің шынайы әрекетіне біз де риза болдық.
Ал, айт намазынан соң аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жиналған жамағатты мерекемен құттықтады. Сөз арасында ауданымыздың діни ахуалының тұрақтылығын тілге тиек етіп, атқарылған біршама жұмыстарға тоқталды. Мұнан соң аудан басшысы мешіт артында салынған қасапхана жұмысымен танысты. Демеушілікпен жүзеге асып жатқан оң өзгерістермен танысқан аудан әкімі мешітті абаттандыру жұмысын әлі де қолға алу керектігін еске салды. Мереке спорттық шараларға жалғасты. Гір тасын көтеру, қол күресі және арқан тартудан бақтарын сынаған спортшылар түрлі сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Осы тұста айта кеткен жөн болар, спорттық шараларда көрші Өзбекстан Республикасынан келген төрт ағайынды отбасы белсене араласып, ойынның сәнін келтірді.
Дәл осы күні аудандағы барлық мешіттерде айт намазы оқылып, құрбандық шалынып, мұқтаж жандарға таратылды.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
25 тамыз 2018 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031