Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білгенмін бұлттан кейін күн шығарын

Білгенмін бұлттан кейін күн шығарын











Білгенмін бұлттан кейін күн шығарын,
Тағы да сен туралы жыр шығардым.
Параққа түсірмесем ойымдағын(ы),
Суға түсіп кеткендей тұншығамын.

Қуантты хабар келіп көктен бүгін,
Қанша уақ күткен едім көктем күнін.
Қайта көріп қауышып отырмыз ба,
Күзде маған сау бол деп кеткен гүлім?

Сағындың ба салқын кешін сенбінің?
Сезіндің бе сезімімнің кеңдігін?
мен сүйгендей сен де мені сүй жаным,
Тең ұстайық махаббаттың теңдігін.

Бұлт төніп жаңбыр жауса қорғанатын,
Болайын қолшатырың қолданатын.
Басқаны жақсы көре алмайды екем,
Уақыт өтті ойланып, толғанатын.

Ерасыл Омар,
№49 мектептің 11 сынып оқушысы

12 шілде 2022 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031