Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйіп қалдым айды түнде

Сүйіп қалдым айды түнде












Сүйіп қалдым айды түнде,
Күнім бірақ білмейді.
Жақсы көріп тұрғаныммен,
Күндей жылу бермейді.

Кім керегін білмей қалды,
Жүрек құрғыр тілеуін.
Шешімі жоқ, басым қатты,
Тыңдай алмай біреуін.

Мүмкін айды сүйген жоқпын,
Бұл жай ғана құмарлық.
Қайырлысы қайсы маған?
Біліп берші ұғарлық.

Күнді тастап кете алмаймын,
Онсыз өмір жоқ маған.
Маза кетті, тынымсыз ой,
Кез келер ме тоқтаған?

Олар бәрін білмесе де,
Ащы шындық тым ыстық.
Бірін-бірі көрмесе де,
Жанымда жоқ тыныштық.

Таба алмадым, қыин екен,
Жүрегімнің қалауын.
Бәріне де ай кінәлі,
Жаққан сезім алауын.

Жауабы не, түсінбедім?
Кімге, қайда барамын?
Енді қайттім, не істесем?
Қалай болмақ амалым?..

Ерасыл Омар,
№49 мектептің 11 сынып оқушысы








03 наурыз 2022 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31