Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылайды аспан

Жылайды аспан

ÐÑÐ»Ð°Ð¹Ð´Ñ Ð°Ñпан...Құрметті жырсүйер қауым, бүгін біз сіздерге жас ақын Алтыншапақ Хаутайдың шығармашылығынан өлеңдер ұсынбақпыз. Жаны нәзік қыздың мөлдір жырлары жүрек тербеп, мұң толы сағынышы аспанмен тілдесуге шақырады.                           Жылайды аспан... Ағыл да тегіл жылады аспан. Батпадым, бірақ сұрауға мұңын. Сал сезімдерінің нұр өңі қашқан Менің де жаным жылауда бүгін. Сезіндім неге мұң басады өңін, Мен-дағы мұңнан үркетін едім... Алыссың әттең, сырласым менің Көзіңнің жасын сүртетін едім... Жыр ғана менде шағына алатын Жабырқау жанды жаңбырың жусын. Сүйіктіңді тек сағына алатын Сен де менімен тағдырласпысың? Менің де жаным мұнар-мұң басқан Сырласа алмаймын. Құр жанап өтем. Сен неге сонша жыладың, аспан, Ғарыш жақта да мұң бола ма екен? Сен бақыттысың. Жасыңмен иіп Жұлдызың – Жер де жіпсіп үлгеред. Иығына оның басымды қойып Менің де біраз өксігім келед. Жаратқан Аллам, сыйлайтын сыңар Жаламды естісе, тулайтын шығар... Бұл аспан неге жылай берді екен, Ол да біреуді қимайтын шығар... ***** Бір өзің болдың сағынарым да, Батқым келмейді тағы да мұңға... Мен саған, жаным, сағынып жеткен Сыңарыңмын ғой, танымадың ба? Сәттерімде алғаш сезім бүрлеген Сені елестетіп көзімді ілмегем. Сағыныш қанша сарылтқанымен Сенің деміңді сезіндірмеген. Мен сені жерден, көктен іздегем, Қиялымдағы көк теңіздерден. Қаламыма алғаш жыр оралғанда Сенің атыңды кестелеген ем... Сансыз сұрақпен қалғанда басым Қайтейін, жырым жалғанбағасын... Бала сезімің бой көтергенде Сен де дәл мені армандағасың. Темір төзімнің тағып алқасын Мәлім өзгені сағына алмасым. Қолымды сілтеп, қиялай бергем Кездескендерге... Сен болмағасын... Жанымның жырын аңсап тілегі Жүрегім менің ән сап тұр енді... Сан жылдар бойы сарылтып өткен Сенсіз ғұмырым шаршатты мені... Бір өзің енді сағынарым да, Батқым келмейді тағы да мұңға... Мен саған, жаным, сағынып жеткен Сыңарыңмын ғой, танымадың ба? Сурет: vgorode.ru

Massaget.kz
23 маусым 2019 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031