Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Аспан пойызы". Starlink жерсерік жобасы сәтті басталды

"Аспан пойызы". Starlink жерсерік жобасы сәтті басталды


SpaceX компаниясы Falcon 9 ракетасы арқылы ұшырған Starlink жүйесінің жерсеріктері орбитаға сәтті ұшты. Falcon 9 Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 24 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:30-да ұшып, 60 жерсерікті 440 шақырымдық Жер орбитасына сәтті алып шықты. Бұл жерсеріктер – бүкіл Жер планетасын интернет-сигналмен қаматамыз ету үшін жасалып жатқан SpaceX жобасының бір бөлігі. Нидерланды тұрғыны Марко Лангбрук (Marco Langbroek) жерсеріктердің қозғалыс жыламдығы арқылы орбитада көріну уақытын есептеп шығып, видеоға түсіріп алған. "Міне, менің түсірген видеом, миыңыз жарылып кетпесін! Менің есебім дәл болған екен. Жерсеріктер жоспарлаған уақытта ұшып өтті, тіпті 3 минут ерте келді. Бұл өте ғаламат көрініс болды. Мұндай жарқылдаған пойызды көргенде "Уау!" дедім көрген бойда. Олар мен ойлағаннан да жарық болып шықты", – дейді Марко Лангбрук. Лангбрук Watec WAT-902H3 (объективі – Canon FD 50 mm f/ 1.8) монохром камерасын пайдаланған. 60 жерсерік 550 километр биіктікке дейін көтеріледі. Ал ракета оларды 440 километрге дейін апарды. Жоспарланған орбитаға дейін (550 км) жерсеріктер Холл эффекті қолданылған қозғалтқыштар арқылы жетпек. Қозғалтқыштар әр 90 минут сайын қосылып отырады. "Аспан пойызы" Қазақстан территориясынан да көрінуі мүмкін. AstroAlert телеграм-каналы соған орай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жерсеріктердің 25 мамырдан 26-на қараған түні ұшып өту уақытын анықтаған екен. – Нұр-Сұлтан – 21:56, 23:31, 01:08, 02:45, 04:23; – Алматы – 21:54, 23:31, 01:09, 02:47, 04:25;

Massaget.kz
27 мамыр 2019 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (8767)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (8766)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (8765)

15 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам