Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Falcon 9 ракетасы ұшқан кезде оны түсіріп тұрған фотоаппарат балқып кетті

Falcon 9 ракетасы ұшқан кезде оны түсіріп тұрған фотоаппарат балқып кетті


Илон Масктің SpaseX компаниясы өндірген Falcon 9 ракетасы ұшырылған кезде NASA фотографтарының бірі Билл Ингаллс бір камерасының балқып кеткенін көрген, деп хабарлайды Today.kz NASA сайтына сілтеме жасап.
Ингаллс балқып кеткен фотоаппараттың суретін әлеуметтік желіге жүктеген, желі қолданушылары болса, техниканың балқуына фотографтың өзін кінәлап жатыр. Олар Билл фотоаппаратты ұшу алаңына тым жақын қойды деп айыптады.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде резонанс тудырды, осыған байланысты америкалық ғарыш агенттігі шын мәнінде не болғанын түсіндірді.
Анықталғандай, Ингаллс 30 жылдан астам уақыт NASA-ның суреттерін түсіреді, қай кезде техниканы қай жерге қою керектігін жақсы біледі. Falcon 9 ұшатын күні ол 6 камераны бірдей қосқан: екеуі қауіпсіз периметрде, төртеуі периметрдің ішінде, яғни ракетаға жақын жерде орналасқан. Балқып кеткен фотоаппарат бәрінен алыс тұрған, базадан 400 метр қашықтыққа орналасқан.
NASA қызметкері ракета ұшқан кезде камераға зақым келуі мүмкін емес деп есептейді. Бірақ фотограф бір нәрсеге ғана мән бермеген: алыстағы фотоаппарат қалың өсімдіктің арасына қойылған. Ракета ұшқанда өсімдік жанып кеткен, бұның салдары фотоаппаратқа тиген.
Ғарыш агенттігі күйіп кеткен камераны лақтырмайтындарын айтты. Ол NASA-ның Вашингтонда орналасқан штаб-пәтеріне қойылады. Ингаллстың өзі болса, Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. 3 маусым күні Жерге МКС экипажы оралады. Фотограф бұл сапарында аппаратын күйдірмейтініне сенімді.
29 мамыр 2018 ж. 899 0