Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде аспан астында спектакль қойылды

Ақтөбеде аспан астында спектакль қойылды



Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры тұңғыш рет ашық аспан астында спектакль қойды. Театр труппасы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын сахналады. «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы жанындағы жаңа алаңға халық көп жиналды. Драма театр бұл шығарманы алғаш рет 1997 жылы қойған еді. Содан бері актерлер құрамы бірнеше рет жаңартылды. Бұл мәдени шара қала күніне арналды. Дәметкен Құсайынова, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың қоюшы-режиссері: - Ашық аспан астында бірінші рет қойғалы отырмыз. Біздің құрам жаңа, актерлердің бәрі жаңартылған құрамда. Бұл енді қазағымыздың этникалық стилінде қойылған. Ішінде биіміз де бар, күйіміз да бар, қазақтың айтысы да бар. Әрине, далада ойнау қиын. Дауыс жеткізу дейді.

24.kz
29 мамыр 2018 ж. 1 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930