Тәуелсіздік - тұғырым!
Бұғауға көнбей басына түскен,
Бұлқынған ерлер тасыған күшпен.
Отанын қорғап оғландар өткен,
Ойласам шығар запыран іштен.
Қорлығы өтіп басынған жаудың,
Құл болған күнім ғасырдан әрі.
Ерлердің қаны есепсіз ағып,
Естілген ащы ананың зары.
Санадан теуіп сүрлеуімді ізгі,
Тексіз деп таптап тілдеді бізді.
Дарабозымды дүрелеп соғып,
Даламның нәзік гүлдерін үзді.
Таңдайдан кетпей азаптың дәмі,
Тексіздің болды қазақ құрбаны.
Төгілді сонда еркіндік үшін,
Сабира, Ербол, Ләззаттың қаны.
Қазаққа кесір қаламай сәтті,
Қайратты ерлер уралай шапты.
Қасқыр мінезді қазақ баласы
Қаһарлы аюды арадай шақты.
Елдікке сүйреп бірлік халықты,
Есірген жауды шындық налытты.
Жалынды жастар шешіп тастады
Жетпіс жыл киген құлдық қамытты.
Ұлттың арманын күй қылып мәңгі,
Ұрпағың ұлын би қылып алды.
Мұзға қойса да жалаңаш тәнін
Маздап лаулады күйдіріп жауды.
Тыймасын Тәңір күлкімді енді
Алаштың ұлы серпілді, жеңді.
Тоңдыра көрме тұғырға қонған
Желтоқсан желі жұртымды енді.
Ерасыл Омар,
№49 метептің 11 сынып оқушысы