Тәңір сыйлап бейбітшілік таңы атты
Бөлтірік
(Қайрат Рысқұлбековке)
Ұрпағын ұрып ұлық тұғаңның,
Қайғыға қарсы шынықтырған кім?
Жолдан жаңылып жетпіс жыл бойы,
Арманымды аңсап ұлып тұрғанмын,
Қасіреттің жауып түндігі бізді,
Ғасырдан жалғап мұңды бір ізді.
Қапаста қалған бөлтірігіміз,
Тісімен қажап шынжырын үзді.
Еңсесін тіктеп, жең ұшын түріп,
Серке боп шыққан серісін қырып.
Ақ аюменен жекпе-жек келіп,
Тон еткен еді терісін сылып.
Қайтару үшін қазандай кекті,
Оятты таңда азандай көпті.
Жаланы артып жалғыз басына,
Жарасын жалап жаза алмай кетті.
Текті қылуға нарымды елдегі,
Жүрегін ердің жалып кернеді.
Көкке ұлыған көк бөрі ұрпағы,
Жанын берсе де, арын бермеді.
Халық ұмытпас ғажап тұлғаны,
Есімде елді азат қылғаны.
Өз арманына өлсе де жетер,
Бөлтірік тектес қазақтың бәрі.
Бекжан ЕРЖІГІТ
Тәулсіздік таңы атты
Арман болған Тəуелсіздік талайдың,
Жарқырады аспанымнан арай күн.
Күткен бақыт орындалды елімнің,
Келбетіне тамсанумен қараймын.
Көрмесемде өткенді ойлап саралап,
Ойларымның тұңғиығын аралап.
Тәңір сыйлап Тəуелсіздік таңы атты,
Таңғалардық қала салдық ғаламат.
Арман болған азаттықтың желі есіп,
Тереземіз өзге елдермен теңесіп.
Елім менің өткір, өжет мінезбен,
Келе жатыр даңқты елдермен
тең өсіп.
Тəуелсіздік – ұлт мұраты құндылық,
Артқа мəңгі тастап кеттік мұңды іліп.
Қырандарым қалықтайды көгімде,
Тегеуріні темір құрсау сындырып.
Қиындықпен, сынақтармен
шыңдалдық,
Талай-талай үлкен-үлкен шыңды
алдық.
Бар əлемді таңдандырды біздегі,
Тоқтамастан дамудағы жылдамдық.
Көк байрағым желбірейді қалықтап,
Биік шыңда білімді ұрпақ шарықтап.
Еңсесі тік, дамуы зор елімді,
Ойлы жастар жер жаһанға танытпақ.
Мөлдіреген бұзылмасын тұнығым,
Мəңгі болсын елімдегі ұлы күн.
Атың шығып асқақтай бер туған жер,
Биік болсын Тəуелсіздік тұғырым.
Жұлдыз Қалжан.