Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый
Тәуелсіздік жолында сан ғасырлар бойы елдікті аңсап еркіндікті сүйіп өткен, бүгінде азат ел – Қазақстан Республикасы атанған ұлан-ғайыр жері бар мемлекетіміздің Тәуелсіздік алып, өзінің көк байрағын желбіреткеніне де, міне 30-жылдың жүзі болды.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман өтіп, өзінің кең байтақ жерін ұрпаққа аманаттау үшін, бұл жолда бабаларымыз үкілеген үміттерін ақ найзаның ұшына үкі ғып тағып осыншама кең байтақ даламызды қорғап, бізге тәуелсіз еліміздің азаттық туын алып берді. Тәуелсіздік ол жай ғана сөз шығар, бірақ оның астарына үңілетін болсақ, қаншама қан мен тер жатыр. Егемендікке қалай жеткеніміз жайлы тарих қойнауына үңілсек.
Сонау ХV ғасырда көшпелі Өзбек мемлекетінен Керей мен Жәнібек бастаған қазақ хандығы бөлініп шықты. Арада көптеген қазақ-жоңғар шайқастары өтті. Кей соғыста жауды ойсырата жеңсе, кей шайқаста жауға есе жіберді. Дегенмен батыр бабаларымыз ХVІІІ ғасырға дейін ешкімге мойынұсынбай талай қиындықты кешті. Он сегізінші ғасырдың отызыншы жылдары Әбілқайыр хан және 29 старшын Ресейге кіру туралы шешімге қол қойды. Арада талай жылдар өтті. Сол бір қиыншылықтардың арасында миллиондаған ата-бабаларымыз бақилық болды. Әрине, оған себеп болған ашаршылық, зұм соғыс, сол кездегі аяусыз патша өкіметі еді. Талай зиялы қауым өкілдерінен ақын, жазушы, ғалымдарымызды «Халық жауы» деп жер жастандырды. Азат ел үшін рухтандырған барша жастарды жер аударып, өмірлерін қиып жіберді. Бірнеше қазақ үшін қасіретті де қайғылы саясаттар жүрді. Кейбір саясаттар халықтың әл-ауқатын сәл көтерсе, кей саясат орасан зор адам шығынын алып келді. Әлихан Бөкейхан «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»,-деп көптеген Алаш зиялылары аянбай қызмет қылып, тәуелсіздікті аңсап кетті.
Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінен бастап қазаққа қуаныш келгендей болды. Оның бірден-бір себебі билікке жанашыр аталарымыздың келуінде еді. Дінмұхаммед Қонаев атамыздың ерен еңбегін ұмытпағанымыз жөн. Арман қала-Алматыны салып берді. Одан соң кемеңгер Елбасымыз бізге тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп берді. 1991 жылы сан ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің тәтті таңы атты. Тарихи өлшем тұрғысынан алғанда бұл аса ұзақ уақыт болмағанымен, осы кезең ішінде еліміз әлем танырлық тұшымды істер атқара білді. Қазақстанның геосаяси жағдайын, алып империя құлағаннан кейінгі елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды еске түсірсек, тәуелсіз азат елді қалыптастыру, оны тұрақты даму даңғыл жолына салу – ерлікке пара-пар іс еді. Қазіргі қауым, жас ұрпақ бабаларының ерен ерлігін ұмытпайды. Мәселен, биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырамасымен республика деңгейінде көптеген шаралар өтеді деп жоспарлануда. Бір ғана Шиеліні алар болсақ, болып жатқан рухани, мәдени шаралар жетерліктей. «30 жылға – 30 игі іс» ауқымды шарасы аудан деңгейінде жүріп жатыр. Жақында ғана жарық көрген президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жастарға көп тәлім-тәрбие берді. Қазақта ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі деген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келе, егемен елдің еңсесі биік болсын демекпіз!
Айбек Берікболұлы