Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЙДАНГЕР ЕСІМІ МӘҢГІЛІК

МАЙДАНГЕР ЕСІМІ МӘҢГІЛІК

Сұрапыл соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, жеңіс үшін жанын жалау, арын алау еткендердің қатарында Сәдуақас Тілеуімбетов те бар.
Сәдуақас Байжанұлы – 1924 жылы 15 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келіп, жастық шағы сол Қазалы станциясында өтті. Мектеп бітіріп, үлкен өмірге енді қадам басқан шағында жас жігіттің болашаққа деген жоспарын сұм соғыс бұзды.
1942 жылы 17 жасында әскерге шақырту алған ол алдымен Саратов қаласындағы сержанттар мектебінде дәріс алып, бітірісімен соғысқа аттанады. Сәдуақас Тілеуімбетов алапат соғыста жүріп 111 танктік бригадасында атқыштар командирі болады. Одан бөлек Украина, Польша, Чехословакия жерлерінде соғысып, қан майданда өзінің ерліктерімен, ержүректілігімен көзге түседі. Сұм соғыстың зардабынан бірнеше рет жарақат та алады. Десе де өліспей беріспеуге бел байлаған сарбаз сауыға сала қайта майдан даласына аттанып отырады. Ұлы Отан соғысы аяқталып, жеңіс туы желбірегенімен Сәдуақас Байжанұлы елге қайтпай, 1945 жылдың қазан айында Жапон соғысына аттанады.
Майдангердің кеудесін оққа тосып, Отанын жаудан қорғаған ерлігі ескерусіз қалмады. Ол соғыс даласындағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысы» және «Жапон соғысын жеңгені» үшін медалімен, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай Қызылорда қаласындағы ішкі істер басқармасы алдында орнатылған ескерткіште Сәдуақас Тілеуімбетовтың есімі қашалып жазылған. Бүгінде оның 17 медаль және арнайы громаталарын балалары көзінің қарашығындай сақтап қойған.
Сәдуақас Байжанұлы елге оралған соң тергеуші мамандығы бойынша білім алып, 1960 жылы Шиелі аудандық ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасты. Қажырлы еңбегінің ақасында аға лейтенант шенінен бас­тап майор, подполковник шеніне дейін өсті. 1976 жылы 36 жыл еңбек өтілімен зейнетке шықты. Майдангер қарт 2003 жылы 15 наурызда Шиелі ауданында дүниеден озды.
Майдангердің есімін ел жадынан өшірмеу мақсатында Сәдуақас Байжанұлының атына кенттен көше берілсе деген тілек те жоқ емес.

Гүлхан ЯХИЯ
02 шілде 2022 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031