Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА – ӘЛЕУМЕТТІҢ БАҒЫНА

ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА – ӘЛЕУМЕТТІҢ БАҒЫНА



Тәуелсіздік күнтізбесіндегі Елбасының дәстүрлі Жолдаулары, баянды болашаққа бастаған бағдарламалары, үлкен үміттерді үкілеген Үндеулері қазақстандықтар үшін тарихи құжат. Тарихи құжаттармен тұрақты даму жолына түсіп, маңызды міндеттерді межелеп алатұғын Мәңгілік Еліміздің Көшбасшысы Наурыз айының басында бес әлеуметтік бас­тамасын ұсынды. Бұқараның әлеуетін көтеруге арналған әлеуметтік бастамалар айтылған Үндеу де әдеттегідей кең қолдау тауып, сарапшылардың оң пікірі айтылды. Енді, үндеуде айтылған әр басымдыққа баса назар аударып, тарқатып көрейік. Әр қазақстандықтың баспаналы болуына жаңа мүмкіндіктер ашып отырған бірінші бастама – «7-20-25». Халықтың өз келешегіне сеніммен қарауы үшін бір мақсат, бір мүдде жолында елмен етене еңбек етіп келе жатқан Елбасының бұл басымдығы арқылы армандар ақиқатқа айналмақ. Бұл тұрғыдағы ілкімді жұмыстар Алаштың анасы Сыр жұртында Президент пәрменінен кейін «Орда» бағдарламасы ұсынылғаны мәлім. Бүгінде Сырдарияның қос жағалауы да қарқынды құрылыс алаңына айналды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден қаржы бөлуге шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарға баспаналы болуға деген қолжетімділікті арттырмақ. Соңғы жылдары 7 мыңнан астам тұрғыны бар 14 шағын ауданның бой көтергені телеарналарда таратылып, баспа беттерінде басылды. Сыр өңіріне табан тіреген Елбасы, Үкімет басшысы бастаған делегация және халық қалаулылары да аймақтағы берекелі істерге оң бағасын беріп келеді. «Сарыарқа төсіндегі бас қалаға қарап бой түзеген Қызылорда» дей-тұғын тіркес қалыптасқан бүгінде.
Жоғарыда атап өткен «7-20-25» бағдар­ламасы көптің көңіліне қуаныш ұялатып, ертеңгі күніне ерекше сенім оятты. «Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді» демекші, басты қажеттіліктің бірі – баспана жайы шешілсе, басқа уайым қалмас, сірә», – деп бөлісті пікірімен Елтай Андақұлов. Кент тұрғыны: «Елбасы үндеуі армандарды ақиқатқа айналдыруға, мақсаттар межесіне жетуге жол ашты. Үндеуді ерекше ықыласпен тыңдап, үлкен үміт арқаладым. Президент көтерген бірінші басымдықпен баспанаға деген мұқтаждық түйткілінің түйіні тарқамақ», – деген ойын білдірді. Хош, соңғы жылдары еліміз тұрғызылған баспана бойынша рекордттық көрсеткіштерге қол жеткізуде. Баспаналы болу бақыты бұйырып, қолына тұрғын үй кілтін алғандардың қатары алдағы уақытта да арта түспек. Аталған бағдарлама аясында өңірде 90 пәтерлі бес тұрғын үйдің жоба сметалық құжаттары толтырылып, құрылысы бастау алмақ.
Елбасы қашан да білім саласын назардан тыс қалдырған емес. Біз сөз етіп отырған бес бастамасында да білімге басымдық беріп, үшінші бастамасында көтерді. 2018-2019 оқу жылына қосымша 20 мың грант бөлу арқылы мемлекеттік грантпен білім алушылар қатарын көбейтуді көздеді. Кәсіптік колледждерде техникалық білім алу тегін болғандығы сіз бен бізге белгілі. Президент үндеуінде бөлінген 20 мың гранттың 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде, «Революция 4.0» Жолдауында көрсетілген межеге жетуге негіз болса, зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Аудандағы 60 жылдық тарихы бар аграрлы-индустриялды колледже 10 мамандықта 500-ге жуық бала оқытылады. Техникалық мамандықтарды меңгеріп, инновациялық технологиялардың тілін біліп шыққан колледж түлектері өнеркәсіптік даму көшінен кейін қалмасы анық. Елбасының үшінші басымдығында айтылған студенттер жатақханасы да өзекті тақырып. Ауданда бұл мәселенің де шешімі табылған. 240 орындық жатақхана күрделі жөндеуден өтіп, ауыл-аймақтардан қатынайтын шәкірттерді қабылдап отыр. Н.Назарбаев 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық жатақхана құрылысын салуды тапсырды. Алдағы жылдардың сұранысы да ескерілген бұл тапсырма орындалған жағдайда жатақхана тапшылығы біржола шешімін таппақ сол тұста.
Сөзімізді әрі аудан статистикасының сандарымен жалғасақ, 2017 жылы өңір бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен қоса басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы 311 жобаға 1 млрд. 599 млн. теңге несие және грант қаражаттары тартылған. Мұны неге сөз еттік? Президент бастамаларының бірі ағымдағы жылы несиелердің жалпы сомасын 62 млрд. теңгеге жеткізу. Ол үшін қосымша 20 млрд. теңге бөлу тапсырылды. Мыңдаған адамға кәсібінен нәсіп табуға мүмкіндік берген бастаманың игілігін көретіндер көп болмақ. Аймақ басшысы Қ.Елеуұлының биылғы жылды кәсіпкерлікті қолдау жылы деп белгілегенін ескерсек, біздің өңірде де кәсіпкерлікті дамытудың «Жол картасы» тиімді жүзеге аспақ. Шиеліліктер жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 980-ге жеткізіп, олардағы жұмыс жасайтындарды 8500-ге арттырмақ. Яғни, 980 жобаға жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 2,5 млрд. теңге несие қаражатын тартуды жос­парлап отыр. «Кәсіпкерлік саласын дамытуда облыс бойынша Қызылорда қаласынан кейінгі екінші орында Шиелі ауданы келеді», – деген пікірін білдірді «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Аман Тастанов. Кәсіпкерлерді қолдау аясында өңірде атқарылып жатқан ауқымды істердің оң нәтижесі бұл.
Бес әлеуметтік бастаманың бесінші басым­дығы берілген газбен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталсақ, бұл тұста да кент облыс­та алғашқылардың бірі болып көгіл­дір отынмен қамтылған аудан екенін айтпасқа болмас. Және Елбасы да Сарыарқа төсіне газ Сыр жерінен тартылатындығын жеткізген-ді. Әлеуметтік бастамаларымен әлеуметтің бағын арттырып, әлеуетін көтеруді көздеген Елбасы қарапайым қазақстандықтардың мұқтажын дөп баса білді.

Бақытжан МӘДЕНОВ.
10 сәуір 2018 ж. 1 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930