Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы сән үлгілері қандай болмақ?

Жазғы сән үлгілері қандай болмақ?

Шұғылалы күн сәулесі шуағын шашып жаздың жайма-шуақ жайдарлы күндері есік қағып келді. Жаз бен бірге барлық аруларымыздың көркі болатын киімдер де түрлі-түсті жарқын түстерге боялды. «Адам көркі шүберек» екенін барлығымыз білеміз. Ендеше осы жылдың трендтегі сән үлгілерін білеміз бе? Егер білмейтін болсақ, бірге анықтайық.
Осы жылдың ең таңдаулы трендтерінің бірі – романтика мен нәзіктікке толы көйлектер. Әйел адамның бейнесін тартымды әрі әсерлі етіп көрсететін қарындаш юбка, кең аяқтары бар джинсы шалбар да сәнде. Ал осы жылдың трендтегі түсі – жасыл мен қызғылт сары және қызғылт.
Ең бастысы үстіңіздегі киіміңіз ішкі жан дүниеңізбен үйлесіп, ажарыңызды ашып тұрса болғаны. Егер қызық болса, сізде дәл осылай зерттеу жүргізіп көріңіз. Көңілдеріңізде жаздың ауа-райындай жарқырап, әсем гүлдеріндей құлпырып жүріңіздер.

Шұғыла Мұратқызы,
Қорқыт ата университетінің
журналистика мамандығының 1 курс студенті
10 маусым 2022 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031