КОЛЛЕДЖДЕГІЛЕР КҮЗДЕ КӨЛЕҢКЕНІ, ҚЫСТА ЫҚТАСЫНДЫ АҢСАЙДЫ
Былтыр жыл соңында Арай Құлтаева есімді әлеуметтік желі қолданушысы Шиелінің кіре берісіне салынған көпір маңына аялдама салуды сұрап, жеке парақшасында жазба жариялаған болатын. Бұл өтінішін ол «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» студенттерінің оқу орынынан шығып, қоғамдық көлікті күтетін уақытта ықтасын таппай, бүрсең қағып тұруымен байланыстырған-ды. Азаматшаның алаңдаушылық білдіруі орынды. Себебі қыста ықтасын таппай бүрсеңдейтін студенттер, күзде күнге қақталар түрі бар.
Жазбаның жарияланғанына 6 ай уақыт болыпты. Алайда жолдың бұл бетінде әлі күнге дейін аялдаманың ізі де, өзі де жоқ. Ал студенттердің жазғы демалысы 3 айда зымырап өте шығары анық. Сондықтан Шиелі кенті әкімдігі мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (ТКШ), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұл мәселені тездетіп шешуін сұраймыз, деген мәтінмен біз де әлеуметтік желі арқылы бұйымтай айттық. Абырой болғанда жазбамыз ескерусіз қалмай, 7 сағат ішінде кент әкімшілігінен жауап хат келді. Олардың айтуынша, аялдама салу мәселесі күн тәртібінде тұрған көрінеді. «Қаржылық мүмкіндіктерге қарай қыркүйек-қазан айларында аялдама орнатамыз» дейді ондағылар. Көтерген мәселең ескеріліп, мардымды-мардымсыз жауап келсе қуанасың әрине.

Дегенмен газет бетіне түрлі түйіткілді мәселелелердің түйінін тарқатып, оның жауабын 6 ай бойы ала алмай, желідегі жазбамен 7 сағат ішінде жауаптылардың жауабын алғанда «шенділер газет мінсінуді қойған ба?» деп қаласың. Осындайда жайдарманшылардың мынадай әзілі еске түседі. «Шыңғысхан Отырарды 6 ай бойы ала алмай жүрсе, оның қақпасы сыртқа қарай ашылады екен» деген. Әлде бәріміз бір-бір смартфон ұстап, блогер болып кетсек па екен?!
Рамазан ӘНӘПИЯ