Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумға шетелде жүрген қанша қазақстандық қатыса алады?

Референдумға шетелде жүрген қанша қазақстандық қатыса алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының кезекті отырысында Сыртқы істер министрлігінің елшісі Жалғас Әділбаев шетелдік учаскелерде дауыс беру күніне дайындық қалай жүргізіліп жатқаны және сайлау құқығы бар шетелдегі қазақстандықтар саны туралы ақпарат берді. 

52 шет мемлекетте 65 учаскелік референдум комиссиялары құрылды. Аталған комиссиялардың барлық 325 мүшесі қашықтан оқудан өтіп, республикалық референдум құқықтық негіздері мен референдум комиссиялары жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы бойынша арнайы тестілеуден өтті, – деді ол. 
Қазақстан Республикасының елшіліктері жанында жұмыс істейтін 65 учаскенің төрағалары, орынбасарлары және қатысушылары өткен оқыту семинары 20 мамыр күні өткізілді.
Қазіргі уақытта шетелдегі мемлекеттер ұсынған белсенді сайлау құқығы бар шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының алдын ала тізімдері негізінде сайлаушыларымыздың саны шамамен 11 350 адам, – деді Жалғас Әділбаев.  
Бүгін барлық қажетті бюллетень Қазақстан елшіліктеріне толық жеткізіледі деп күтіліп отыр.  
Сонымен қатар Орталық референдум комиссиясының отырысында аумақтық референдум комиссияларының төрағалары референдум учаскелерінің кабиналармен, жиһаздармен, техникалармен жабдықталғанын айтып, есеп берді. 
03 маусым 2022 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031