Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балалар жылына» арналған көрме

«Балалар жылына» арналған көрме

Жуырда Алматы қаласында балалар жылына орай «Балалар әлемі» республикалық шығармашылығы көрмесі өтті.
Оқушыларды көркем шығармаға баулу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бар мүмкіндіктерді ашуды мақсат еткен көрме елдің түкпір-түкпіріндегі дарынды талапкерлердің туындыларын жинақтады. Көрмеге ауданнан №207 мектептің 2-ші сынып оқушысы Айшат Азатова қатысып, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Бұған дейін Айшат республикалық, облыстық, аудандық сайыстардан да жүлделі орындар иеленген. Өнерлі балғынның ұстазы Майгүл Достиярова аталған мектепте 32 жылдан бері ұстаздық қызмет етіп келеді.
– Балалар – біздің байлығымыз. Баланың қолымен жасалған барлық бұйымдар мен суреттердің астарында үлкен еңбек жатыр. Ал, бұл – олар үшін жетістік. Сондықтан, бірлесе отырып, балаларымыздың қуанышына ортақтасып, жетістіктерге бірге жетейік. Әр оқушыда мақсат бар. Ал, мақсат бар жерде нәтиженің сөзсіз болатынына сенемін, – деді балғынның ұстазы М.Достиярова.

Ш.Тілеубаев
28 мамыр 2022 ж. 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930